Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет102/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   121
«барлығы бос-барлығы бос емес қағидасын сақтау. Соңғысының мағынасы 
мынадай. Құс фабрикалары мен шаруашылықтардың әр қорасында тек қана 
бірдей жастағы құстар ұсталып, өсіріліп, жетілдіріліп сойылады немесе 
жұмыртқа алу мақсатында әрі қарай қолдану үшін жұмыртқалау бөліміне 
біртіндеп емес, толығымен ауыстырылады. Бос қалған қора-жайды механи-
калық тазалап, жуып, дезинфекциялап, жөндеуден өткізіп, санация-лайды. 
Бұл мерзім аз дегенде 1 аптаға созылады. Тек қана аталған процеду-ралар
орындалғаннан кейін ғана таза қораға жаңадан басқа топтағы құс 
орналастырылады. Бұндай жүйе індетке қарсы шаралар тұрғысынан өте 
тиімді. Себебі індет ошағы анықталған жағдайда онда кардинальды түрде 
инфекциядан арылу шараларын (барлығын жою немесе етке сою) қолдануға 
болады.
Құстар көптеген инфекциялық аурулармен (Ньюкасл, тұмау, шешек, 
жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит, Марек ауруы, лейкоз, үйректің 
инфекциялық гепатиті, синуситі, риниті, Гамборо ауруы, орнитоз, микоплаз-
моз, пастереллез, туберкулез, салмонеллез, анаэробты инфекциялар, т.б.) 
ауырады. 
Қазіргі кездегі құс өндірістерінде автоматтандырылған технологияның 
қолданылуынан, бұл мекемелерде құстың өте қысқа мерзімде ұсталаты-
нынан, оларда кездесетін көптеген инфекциялар өзектілігін жоғалтты. Бірақ 
қайсібірлері интенсивті технологиямен құс етін, жұмыртқа өндіретін фабри-
каларда әлі де болса кең түрде кездесіп, оларға айтарлықтай экономикалық 
нұқсан келтіріп отыр. Олардың қатарына: пуллороз, сальмонеллез, тұмау,
Ньюкасл ауруы, лейкоз, орнитоз, Марек ауруы, инфекциялық (жұқпалы) 
бронхит, жұқпалы бурсит (Гамборо ауруы) жатады.
Жалпы алғанда, жұқпалы ауруларды дауалаудың әмбебап (универсалды) 
жүйесі жоқ. Сондықтан түрлі инфекцияларға қарсы жалпы және арнайы 
шаралар індеттік жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген принциптер 
негізінде, телімді құрылуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет