Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет44/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121
 
 
9-тәжірибелік сабақ. Мал шаруашылықтары
объектiлерiн дезинфекциялау 
 
 
Сабақтың мақсаты. Дезинфекция түрлерiн, әдiстерiн талдап, практи-
када кең түрде қолданылатын дезинфектанттар, олардың қасиеттерiмен, 
дезинфекциялық техникалармен танысып, жұмыстық ерiтiндiлер даярлау 
әдiстемелерiн меңгеру. 
Қажеттi жабдықтар: практикада қолданылатын дезинфектанттар 
үлгiлерi, дезинфекциялық техника. 
Жүргiзiлу орны және әдiстемесi. Сабақ шаруашылықта немесе 
ветеринариялық клиника жағдайында болмаса қасапханада жүргiзiледi. 
Шаруашылықта студенттер ветсанитариялық обьектiлермен (ветсанитария-
лық жiбергiш, дезинфекциялық тосқауыл, оқшауханалар, карантиндiк жай-
лар, көң қоймасы, қасапхана, т.б.), шаруашылықта бар дезинфекциялау 
техникаларымен танысып, қолда бар қондырғымен дезинфекция жасауды 
үйренедi.
Дезинфекция деп, сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою 
шараларын айтады. Оның қазақ тiлiндегi баламасы – зарарсыздандыру.
Дезинфекция объектiлерiне: мал қоралары, инкубаторлар, ара ұялары, 
профилакторилер, оқшауханалар, құрал-жабдықтар, жұмыс киiмдер, су 
көздерi, мал азықтары, топырақ, транспорт жабдықтары, көң, мал өлекселерi, 


72 
шу, қасапхана тастандылары, мал мен құстан алынған шикiзаттар, инкуба-
циялық жұмыртқа, малдың үстi, сыртқы мүшелерi, т.б. жатады.
Дезинфекция маңызына байланысты сақтық және лажсыз деп бөлiнедi. 
Бiрiншiсi iндеттi дауалау, екiншiсi iндет ошағын сауықтыру мақсатында 
қолданылады.
Сақтық дезинфекция маусымдық және технологиялық болып бөлiнедi.
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда iндет ошағында тежеу және 
қорытынды дезинфекциялар жүргiзiледi. Тежеу дезинфекциясының мерзiмi 
инфекциялық аурулардың түрлерiне байланысты.
Қорытынды дезинфекция сауықтыру шараларының соңында карантин 
немесе шектеу шараларын алардың алдында жүргiзiледi.
Дезинфекция физикалық, химиялық, биологиялық тәсiлдермен iске 
асырылады. Физикалық тәсiлмен (күн сәулесi кептiру, қыздыру, гамма 
сәулелер, ультрадыбыс арқылы) түрлi объектiлер мен мал азықтары 
дезинфекцияланады.
Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердiң тiршiлiгiн пайдала-
нудан туындалған. Негiзiнен биологиялық жолмен көңдi, өлексенi дезин-
фекциялайды. 
Практикада, сыртқы ортадағы зардапты микробтарды зарарсыздан-
дыруға химиялық дезинфекция негізгі әдіс ретінде кең түрде қолданылады. 
Химиялық заттардың микроорганизмдерге әсерлерi олардың қасиеттерiне 
байланысты. Химиялық дезинфектанттарға қойылатын негiзгi талаптар: 
олардың бактериоцидтi қасиетi, суда тез еруi, жағымсыз иiстерiнiң болмауы. 
Қазiргi күнi дезинфектанттардың саны үнемi ұлғаюда. Соңғы жылдары 
электрленген аналит пен католиттi қолдану практикалық жағдайда кең түрде 
қолданыс тапты.
7-зертханалық сабақ. Химиялық дезинфектанттар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет