Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет47/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121
Газбен дезинфекциялау. Газдардың әсерiмен әртүрлi камераларды 
қолдану арқылы жұмыс киiмдерiн зарарсыздандыру кең түрде тараған. Бұл 
әдiс оңай және мата бұйымдарын бүлдiрмейдi. Әсiресе, газ арқылы жүн, 
терiнi (аңдардың) зарарсыздандыру тиiмдi.
Ветеринарияда хлор, H
2
S, формальдегид, ОКЭМБ (этилен-бромды метил 
окисi) кең түрде қолданылады. Газдарды қолданғанда сақталатын негiзгi 
шарттар: 
1. Газдың пайыздық деңгейiн қажеттi дәрежеде ұстау. 
2. Әр газға белгiлi мөлшерде температура мен ылғалдылықты сақтау. 
3. Қора-жайлар, басқа да нысандардың жақсылап тұмшалануы. 
8-зертханалық сабақ. Дезинфекция сапасын бақылау 
Сабақтың мақсаты. Түрлі объектілерден (мал қоралары, төлдейтін 
қора т.б.) сынамалар алу, жолдама құжаттар толтыру, оларды зерттеу арқы-
лы дезинфекция сапасын анықтау әдістемелерін меңгеру,
Қажетті жабдықтар. Сынама алуға арналған құралдар (стерильді мақта, 
су, көректік орталар бар Петри ыдысы), жарық микроскоптары, спиртовка, 
пробиркалар, дезинфектанттар. 
Шаруашылықтың бағытына және қолданылатын мал күтiмiнiң 
технологиясына байланысты ылғалды, аэрозольды және газды дезинфекция 
әдiстерi қолданылады. 
1. Дезинфекция сапасы зарарсыздандырылған обьектiлерден лактопо-
зитив тобына жататын iшек таяқшасын және стафилококтарды анықтау 
арқылы бағаланады. 
Iшек таяқшасы: қылау, шошқа тiлмесi, бруцеллез, пастереллез, доңыз 
бен құс обасына, аусылға қарсы қолданылатын дауалау және лажсыз 
дезинфекциялауда, ал стафилококтар: аусыл, туберкулез (қорытынды дезин-
фекцияда), қой және құс шешегі, лептоспироз, үйрек балапандарының гепа-
титiне қарсы - дезинфекцияда анықталады. 
Дезинфекцияның сапасын тексеру үшiн дауалау дезинфекциясынан 
кейiн 2-3 сағат өткен соң, ал тежеу дезинфекциясында нұсқауларда белгi-
ленген мерзiмi өткеннен кейiн сынамалар алынады. Сынаманы еденнен 
(малдың артқы аяқтары орналасатын тұсынан), қабырғалардан, бұрыш-
тардан, оттықтан барлығы 10-20 әртүрлi жерлерден алады. Ол үшiн скаль-
пельмен немесе басқа үшкiр затпен аумағы 10х10см жердi белгiлейдi де, 
бейтараптағыш ерiтiндiге малынып, сығып алынған мақта тампонымен 1-2 
минут бойынша сол жердi ысқылап сүртедi. 
Әрбiр тампонды жеке-жеке стерильдi бейтараптағыш ерiтiндiге не сте-
рильденген дистильденген суға (20 см
3
) салып, бактериологиялық зерттеуге 
лабораторияға жiберiледi. Жұмысқа қажеттi тампондар (салмағы 0,25-0,33г) 
алдын-ала дайындалып, қолданылатын дезинфектанттан күшi 10 есе аз 
бейтараптағыш ерiтiндiде сақталады. Хлорлы дезинфектанттарды бейта-


76 
раптау үшiн гипосульфит, сiлтiлiк ерiтiндiлер үшiн сiрке қышқылы
формалин үшiн мүсәтiр спиртiнiң ерiтiндiлерi қолданылады. Басқа дезинфек-
танттарда бейтараптау ерiтiндiсi ретiнде стерильдi су қолданылады. Сына-
малар алынғаннан кейiн 2 сағаттың iшiнде лабораторияға жеткiзiлiп, сол күнi 
зерттеуден өткiзiлуi тиiс (бактериологиялық зерттеу тәсiлi “Ветеринариялық 
заңдар” жинағында көрсетiлген). 
Е С К Е Р Т У: Сынамалар мiндеттi түрде механикалық тазаланып, 
дезинфекция жүргiзiлген қора едендерiнен, т.б. алынады. 
Егер дауалау және қорытынды дезинфекциядан кейiн барлық алынған 
сынамаларда белгiленген тесмикробтарының өсуi байқалмаса, ал тежеу 
дезинфекциядан кейiн алған сынамаларын 90%-да өсiндi болмаған жағдайда 
олардың нәтижесi қанағаттандырарлық деп табылады. 
2. Залалсыздандыру техникасы. Дезинфекция, дезинсекция орындауға 
қолданылатын техникаға қойылатын негiзгi талаптар: 
- жоғары өнiмдiлiгi; 
- жұмыстың жоғары санитариялық сапасын қамтамасыз етуi. 
Жылжымалы дезинфекциялық агрегаттар: ВДМ-2, АДА, АДВ, ЛСД, УД-
ф-20, ДУК, ОППК, өндiрiстiк негiздегi кешендер мен фермалар үшiн УДП-М, 
УДС, ОМ-5359-01, ОМ-22613,ОМ-22614; аэрозольдi генераторлар: АГ-УД 2, 
ТАН, ПАК-1, ПАК-2, САГ-1, РДВ-1, ОМП-2, КЗ- гидропульттi, автомакс 
(қысқартулар механизмдердiң орыс атауларынан алынды).
Студенттердiқ өзiндiк жұмысы: 
1. Мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша жұмыстық ерiтiндi дайындау. 
2. Дезинфекцияның сапасын бақылау үшiн түрлi объектiлерден сынама 
алу. 
3. Жүргiзiлген дезинфекцияға актi толтыру. 
 
ІСКЕРЛІК ОЙЫН. Сәйкес жауаптарын табыңыз: 
А) Дауалық және лажсыз дезинфекция сапасы ішек таяқшасы бойынша 
анықталатын аурулар: 
Ә) Дауалық, қорытынды дезинфекция сапасы стафилакоктар бойынша 
анықталатын аурулар: 
а) бруцеллез; 
ә) туберкулез; 
б) аусыл; 
в) тілме; 
г) лептоспироз; 
д) қой шешегі. 
1-А-а,б,в; 2-Ә-б,г,д; 3-Ә-а,в,г; 4-А-а,б,г; 5-Ә-а,б,д; 6-А-б,г,д; 7-Ә-
а,б,в; 8-А-а,б,д; 9-А-ә,б,в; 10-Ә-ә,б,в; 11-Ә-ә,б,в; 12-А-ә,б;д. 


77 
10- тәжірибелік сабақ. Өлексенi және мал шаруашылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет