Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет50/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121
Жәндіктермен күрес шаралары. Мал шаруашылықтары субъектіле-
рінде (фермаларда, қасапханаларда, басқа да ветсан. обьектілерлерде) жән-
діктерге қарсы күрес дауалау және оларды жою шаралары кешенінен тұрады. 
Д а у а л а у ш а р а л а р ы н а мал қоралары мен аулаларда таза-
лықты сақтау, күнделікті қиды шығару, өлекселерді, қалдықтарды жою, т.б. 
жатады.
Канализацияның дұрыс жұмыс істеуі қадағаланып, қидың жиналып 
қалмауы керек (әсіресе жаз айларында жиналған қидың беті топырақпен 
жабылып отырылуы қажет немесе инсектицидтермен суғарылып отырылуы 
керек).
Ж о ю ш а р а л а р ы жәндіктерді және олардың құрттарын жоюға 
бағытталған. Осы мақсатта түрлі препараттардың ерітінділері әртүрлі кон-
центрацияларда (1:500, 1:1000) қолданылады. Сұйық қидың бетіне хлорлы әк
хлорамин ұнтақтары себіледі.
Сиыр, доңыз, жылқы фермаларында инсектицидтер обьектілерде ғана 
емес, малдардың үстіне де шашылады. Әрине малдарға қолданған кезде 
препараттардың мал өнімдеріне (сүт, т.б.) әсерін тигізбейтіндері қолданылуы 
керек. Осы мақсатта организмге сіңбей, терінің шәйірінде ғана сақталып
жәндіктерге жанасу арқылы әсер ететіндері (Байтикол, Байкенотокс, т.б.) 
арнайы нұсқауларға сәйкес қолданылады.
Трансмиссивті инфекциялардың індеттік жағдайына байланысты 
жайылымға шығатын малдар арнайы препараттармен дезинсекциялануы 
қажет.
Жылдық індетке қарсы шараларды жоспарлаған кезде жәндіктермен 
күрес шаралары (қолданылатын препараттар, қолдану реттіліктері, т.б.) 
қамтылуы тиіс. 
12- тәжірибелік сабақ. Кемірушілермен күрес шаралары. 
Дератизация әдістері 
Сабақтың мақсаты. Ауыл шаруашылық субъектілерінде (жануарлар 
фермаларында, қасапханаларда, диірмендерде, т. б.) кеміргіштерді жою әдіс-
терін талдап, ауылшаруашылық субъектілерінде кездесетін кемірушілер 
түрлерімен, дератизациялауға қолданылатын препараттармен танысып
оларды қолдану тәсілдерін меңгеру. 


81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет