156
домбығып ісінген, ұстағанда ісіктің жергілікті температурасы көтеріңкі,
пальпациялағанда малдың қатты ауырсынатыны байқалады. Жылқышының
айтуына қарағанда бұрынғы жылдары осындай
клиникалық белгілермен
бірнеше тай ауырып өлімге шалдыққан. Қорыта айтқанда, бұл ауылдық
аймақтың сақаудан таза емес екендігі белгілі болды.
Алдын-ала қойылған балау - сақау.
Т а п с ы р м а :
а) аурудың нақтылы балауын қою үшін қандай зерттеулердің жүргізілуі
қажет;
б) Індет ошағынан арылу шараларының жоспарын құру.
2. Індеттік жағдай. «Қабанбай» ауылының жекеменшік шаруа қожалы-
ғына қарасты жылқылардың арасында арбаға жегіліп жүрген
бір айғырдың
ақсап ауырғаны анықталды. Клиникалық зерттеу арқылы жылқының
алдынғы аяқтарында ісіктердің бар екені белгілі болды. Ісіктердің бірінен
кейін бірі қатарласып орналасқаны, кейбіреуінің аузы жарылып, олардан ірің
аққаны байқалады. Ауырған жылқының
азыққа тәбеті төмендеген, дене
темпреатурасы қалыпты. Мал иесінің айтуына қарағанда малдың ақсауы
бұдан жарты ай бұрын байқалған.
Алдын-ала қойылған балау - індетті лимфангит.
Т а п с ы р м а :
а) Індетті лимфангитті клиникалық белгілері,
індеттік ерекшеліктері
және басқа да ауруға тән белгілері бойынша ажыратып балау кестесін
толтыру.
б) Індет ошағынан арылу шараларының қысқаша жоспарын құру.
3.
Індеттік жағдай. «Арыстан» базарына еріксіз сойылған жылқының
ұшасы сараптауға әкелінген. Малды сояр алдында зерттеулер жүргізілмеген,
мал дәрігері құжат толтырмаған. Сараптауға жылқының басы, ішкі ағзалары,
терісі, ұшасы әкелінген. Өкпеде қабыну процестері байқалады.
Пальпация-
лағанда өкпе ұлпасында қатарласып орналасқан түйіндер кездеседі. Жылқыға
сояр алдында маллеинизация жүргізілмеген.
Т а п с ы р м а :
а) ұшаны құжатсыз ветеринариялық сараптамаға қабылдауға бола ма,
болса қандай зерттеу тәсілдерін қолдану керектігін көрсетіңіз;
б) маллеиниздеу жүргізілмей еріксіз сойылған жылқының ұшасын еркін
сатуға жіберуге бола ма, болмаса қандай шешімдер
қабылдану қажеттігін
көрсетіңіз.
20-зертханалық сабақ.
Жұқпалы анемияны балау, дауалау және
Достарыңызбен бөлісу: