Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет99/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары.  Дауалау шаралары доңыз 
фермаларын сырттан енетін ауру қоздрушысынан қорғаудан тұрады.  


178 
Індет ошағы мен қатер төнген аймақ шекаралары анықталады. 
Біріншісінде карантин қойылып, ондағы барлық жануар жойылып, ветсан-
итариялық шаралар қатаң орындалып, ферма санацияланады. Бұндай 
түпкілікті шаралар, аймақта індет алғаш рет анықталған жағдайда іске 
асырлуы тиімді саналады.
Қатер төнген аймақтағы доңыз фермаларында вет.санитариялық шара-
лар қатаң орындалып, шаруашылыққа сырттан әкелінетін азық (әсіресе 
қасапхана, асхана қалдықтары термиялық өңделіп қолданылады. 
Доңыздың (торайдың) энзоотиялық пневмониясы (Pneumonia 
enzootica suum, энзоотическая пневмония свиней) құрғақ жөтелмен, безгек-
тенумен, өкпенің лобарлы қабынуымен сипатталатын, созылмалы өтетін 
жұқпалы ауру. 
Қ о з д ы р у ш ы с ы (Micoplasma hiopneumoniae) полиморфты, грам оң 
боялады. Микоплазмалар вирустарға қарағанда сыртқы ортаға төзімді. 
Практикада қолданылатын дезинфектанттар тиімді жояды. 
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл ауру көптеген 
мемлекеттерде кездесетіні оған тек доңыз ғана, әсіресе торайлар 4 апталық 
кездеріне дейін бейім екені, ауру қоздырушысының бастауы ауруға 
шалдыққан және жазылған жануарлар болатыны ескеріледі. Соңғысы ұзақ 
уақыт микоплазма тасымалдаушысы ретінде саналатыны, торайларға 
инфекция негізінен енелерімен жанасқанда жұғатыны назарға алынады. 
Инфекция ауру жануардан сауларына ауа арқылы беріледі. Сондықтан доңыз 
фермаларындағы микроклиматқа, олардың тығыз орналасуына, басқа да 
факторларға (дұрыс азықтандырмау, суық цемент едендерде ұстау, ветса-
нитариялық режимдердің сақталмауы, т.б.) мән берілуі қажет.
К л и н и к а л ы қ б а л а у ауруға тән белгілерге (2-3 апталық 
жасырын кезеңіне, торайлардың созылмалы түрде құрғақ жөтелуіне, ара-тұра 
безгектеніп, қалтырауына, кілегейлі-іріңді коньюнктивит, азыққа тәбетінің 
төмендеуі, т.б.) негізделіп қойылады.
П а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгеріс серозды-катаральды 
пневмония түрінде байқалады. Қабыну ошақтары өкпенің жоғарғы және 
жүрек жағының бөліктерінде айқын байқалады. Аурудың нақтылы балауын 
қоюға вирусологиялық зерттеулер жүргізеді. 
Практикалық жағдайда торайларға биологиялық сынама қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет