Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет36/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121
Синантропты жануарлар (ауылдық елді мекенде, қалада тіршілік 
ететін кемірушілер) мен құстар ауыл шаруашылық жануарлар арасында 
инфекцияны таратады. Олар тек қана өздері ауырып қоймай, инфекция 
қоздырушысының қорламасы ретінде індеттің тұрақты ошағын сыртқы 
ортада сақтайды. 
Тышқан тектес кемірушілер аса қауіпті инфекциялық аурулардың (түйе 
обасы, туляремия, лептоспироз, листериоз, батулизм, Ауески ауруы, шошқа 
обасы, құтырық, трихофитоз, т.б.) табиғаттағы қорламасы ғана емес, механи-
калық тасымалдаушы ретінде де маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде жабайы жыл құстары мен аңдар аса жұғымтал ауруларды 
таратуда маңызды болып отыр. Мысалы құс тұмауының вирусы маусымдық 
жабайы құс арқылы панзоотия түрінде, оқтын-оқтын түрлі мемлекеттерде 
таралуда. 


62 
Сондықтан, індеттанулық мониторинг жүргізгенде маусымдық жабайы 
құстардың түрлерін, уақытша мекендерін, олардың сандық мөлшерін, 
сонымен бірге елді мекендегі кемірушілердің, жабайы аңдардың мөлшерін, 
миграция жолдарын білу керек.
Қан сорғыш жәндіктер (насекомдар): маса, сона, кене, бүрге, т. б. 
арқылы жұқпалы ауру қоздырушыларының сау жануарларға берілу жолын-
трансмиссивтік деп атайды. Егерде тек қана қан сорғыш насекомдар арқылы 
берілсе – облигатты трансмиссивті (міндетті), ал трансмиссивтік жолмен 
қатар басқада жолдармен берілсе (алиментарлы т. б.) - факультативті 
трансмиссивті инфекциялар деп аталады. Біріншісіне жылқы обасы мен 
делбесі, ал екіншісіне топалаң, жұқпалы анемия, шошқа обасы жатады.
Ауру қоздырушы микробтың насекомдар арқылы берілуі телімсіз 
(механикалық), телімді (биологиялық) деп бөлінеді. Біріншісінде, зардапты 
микроб жәндіктер организмінде өсіп-өнбейді, қорланбайды, аз уақыт қана 
сақталады. Ал екіншісінде ауру қоздырушысы жәндіктер организмінде өсіп-
өніп, көбейеді. Нәтижесінде ауру қоздырушысының биологиялық тасымал-
даушысы індет процесіне қатысып, зардапты микробтың берілу механизмін 
өзгертеді. Мұндай жағдай індеттің қарқынын және індет ошағының типін 
айқындайды. Әрине жұқпалы аурудың жаңадан анықталуы ауру қоздыру-
шысының бастауына, оның берілу факторларына байланысты.
Жұқпалы аурулар берілу жолдарына байланысты мұнымен бірге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет