Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет37/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121
алиментарлық (азық, су арқылы), респираторлық (ауа арқылы), тік және 
көлденең деп бөлінеді. Берілу жолдарына байланысты жұқпалы аурулардың
басқа да індеттанулық жіктелу түрлері, факторлары (шөп, топырақ, мал 
өнімдері, транспорт т.б.) 6-кестеде көрсетілген. 
Ауру қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар: 
ктеноздар (тек қана үй жануарлары арқылы), терионоздар (тек қана жабайы 
аң, арқылы), ктенотерионоздар (үй және жабайы жануарлар, аңдар арқылы), 
зооантропоноздар (малдан адамға жұғады, екеуіне де ортақ), антропо-
ноздар (адамнан жануарларға жұғады) деп жіктеледі. 
Микробиологиялық 
классификация 
бойынша: 
бактериоздар, 
вироздар, хлам идиоздар, рикетсиоздар, микоплазмалар, микоздар 
(микотоксикоздар) деп бөлінеді.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ: 
Індет ошағының шекарасын анықтауға арналған «Іскерлік ойын». 
Індеттік жағдай: 200 жеке ауладан, 10 шаруа қожалығынан тұратын 
ауылдық округке қарасты бір-бірінен алшақталған 3 шағын елді-мекенде 
жануарлардың топалаңмен ауырғандары анықталған. Малдың бәрі қолда 
ұсталынады. Індеттанулық зерттеу нәтижелері негізінде топалаң қоздыру-
шысының әр түрлі жолдармен тарағаны белгілі болды. Біріншісінің бастауы - 


63 
етсүйек ұны, екіншінікі - шөп базарынан әкелінген азық, үшіншінікі - жер 
қазу жұмыстары әсерінен сол жердің топырағы болған. 
Тапсырма: 
а) түрлі жағдайдағы індет ошақтарының шекараларын анықтаңыз? 
Сұрақтар: 
1. Доңыз сальмонеллезы спорадиялық жағдайда тұрақты анықталатын 
ферма қандай эпизоотологиялық категорияға жатады?
2. Кемірушілер арқылы адамдарға лептоспироздың жұғуы тіркелген 
індет ошағы қалай аталады? 
3. Ауылдық аймақтарда адамдардың құтырықпен ауруы бірнеше рет 
анықталған. Ауру 3 жағдайда иттен, 2 жағдайда түлкіден жұққан, сонымен 
қатар сиыр малы арасында құтырық ауруы тіркелген. Ауылдық аймақтағы 
індет ошағының типін анықтаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет