Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты:
Т.Әбдікұлының прозалық шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерін, қаламгердің стильдік белгілерін зерттеп, саралау.
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға лексиканы оқыту арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін анықтап, лексиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері: Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:
- Мәтіндегі баяндау тәсілі мен тілдік ізденістерін анықтау;
- Қаламгердің шығармаларында жиі кездесетін «Жалғыздық» идеясының берілу жолдарын ашу;
- -Көркем ойды жеткізудегі тілдік-стильдік шеберлігін көрсету;
- Жазушының прозалық шығармалардағы өзіндік қолтаңбасын айқындау;
- Т.Әбдікұлының авторлық табиғатын ашу;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде жүзеге асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері мен тәсілдері де тиісінше пайдаланылды.
Қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілері, біздіңше, мыналар:
- Аса бай ауыз әдебиеті тілі мен ауызша туып, ауызша тараған поэзия мен прозалық үлгілер тілінен алған ұзақ дәстүрлі тіл екендігі;
- Аса бейнелі тіл екендігі, яғни бейнелі фразеологизмдердің молдығы, теңеулердің активтігі, т.б
- Лексикасы бай тіл екендігі, яғни синонимдердің көптігі, халықтық терминологияның, жарыспалы қатарлардың молдығы;
- Лексикалық, грамматикалық мүмкіндігі күшті тіл екендігі, яғни сөз жасау тәсілдерінің икемділігі, өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетінің күштілігі, семантикалық құбылысқа бейімділігі;
Қазақ халқы мекендеген барлық аймаққа ортақтық қасиетінің күштілігі, яғни диалектілік ерекшеліктердің аз көрінуі.
Лексикалық мүмкіндіктердің молдығын танытатын элементтердің бірі – поэтизмдер, яғни белгілі бір экспрессивтік-эмоциялық реңкі бар, кез келген ситуацияда қолданыла бермейтін, көбінесе бейтарап параллелі көрініп тұратын сөздер. Мысалы, биік, сияқты, тәрізді, заман, жамандау деген сөздер – бейтарап мағыналы элементтер, ал осылармен мағыналас асқаралы, заңғар, сынды, замана, ғайбаттау деген сөздер белгілі бір стильдік бояумен қолданылатын, жай хабарлау үшін емес, суреттеу үшін жұмсалатын элементтер.
Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдік.
Жазушының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. Төлен Әбдік шығармашылығының негізгі өзегі – пенде мұңы. Жеңіл-желпі желұшық мұң емес, артында қара тастай қасірет жатқан көштей күңіренте-сыңсытып өз жүрегінен өткізген жалқының мұңы.
Төлен Әбдік 1942 жылдың 4 қыркүйегінде бұрынғы Торғай (қазіргі Қостанай) облысы, Ә. Жангелдин атындағы ауданның Еңбек кеңшарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. 1964 жылы жас жазушылардың жинағында "Райхан" атты алғашқы әңгімесі жарық көрді. 1967 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер драма театрында "Біз үшеу едік" атты пьесасы сахналанды. "Парасат майданы" повесі жайында белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов: "Төлен Әбдіктің бұл шығармасы – бүгінгі болмыстың ащы да өзекті шындығынан туындаған жан айқайы. Менің досым Анатолий Ким де хикаяттың әлі пісіп-жетілмеген аудармасын оқығаннан-ақ: "Мына қазақтың Кафкасы ғой!",-деп өзінің таңғалғанын жасыра алмаған еді" [2, 4 б.], – деп ой толғайды.
Кезінде Софокл: "Әлемде неше алуан ғажайыптар бар, бірақ Адам – олардың барлығынан да ғажайып",-деген екен. Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек өзімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Төлен Әбдіктің шығармашылық жолы туралы жазу мойынымызға үлкен жауапкершілік жүгін жүктейтіні ақиқат.
Дулат Исабеков: "Жалпы Төлен бұрқыратып жазған жігіт емес. Әлі күнге шейін сол ырғағын сақтап келеді",– деп өте орынды айтқан [5, 14 б.]. Ол қай мәселені қозғаса да, қай уақыттың шындығын жазса да өмірлік, адами проблемаларды алға тартқандығымен көзге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |