Негізгі бөлім I бөлім. СӨз мағынасы (семасиология)


«Е, е, заманның беті жаман боп барады». (“Әке” повесі, 9 бет)



бет7/9
Дата14.06.2023
өлшемі216.79 Kb.
#475061
1   2   3   4   5   6   7   8   9
слайд

2. «Е, е, заманның беті жаман боп барады». (“Әке” повесі, 9 бет). Берілген мысалдағы метафора «заманның беті». Мұнда жазушы сол кездегі дәуірдің, заманның көрінісін беті деген сөзбен сомдаған. Бұл жерде нақтылай кететін фактор сөздің жаңа мағынаға ие болуы емес, оның белгілі бір жағдаятқа байланысты мәнмәтінде жаңа қолданысқа түсуі.
Жазушы шығармаларында метафоралық қолданыстардан бөлек теңеулер жиі ұшырасады. З.Қабдолов пікірінше, теңеу дегеніміз - суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Ал бірнеше ғалымдардың көзқарасы бойынша «Теңеу – жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік белгілірін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алу тәсілі»,-деп анықтама береді. Оған мысал келтіретін болсақ;
1. «Қыста мойылдай қап-қара, атақты бәйге қарақасқасын, ал жер қайырысымен жұмыртқадай аппақ жорғасын мінетін». Осы сөйлемдегі «мойылдай» және «жұмыртқадай» деген сөздер теңеу ретінде қолданылып тұр. Себебі: 1) –дай деген жұрнақ арқылы жасалып тұр; 2) Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдамасы бойынша: «Теңеу, көріктеу, нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанымен, нәрсенің бейнесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді («Әке» повесі, 9 бет)
2. «Жапағы құлағы қалқиған, қалақтай, мұртты қара екен». Осы сөйлемдегі «қалақтай» деген сөз – теңеу. Өйткені: 1) – тай деген жұрнақ арқылы жасалған; 2) Бұл теңеу – көркемдік заңдылыққа бағындырылған ажарлаудың белгісі. («Әке» повесі, 18 бет)
Метонимиялық қолданыстар жазушы шығармаларында да кездеседі. Оған айтылған түсініктемелер өте көп. Жазушы З.Қабдолов: «Метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану»,-деп анықтама берсе, ғалым Ә.Хасенов: «Метонимия (гректің metenymia атын өзгертіп атау мағыналы сөзі) – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы»,-деп түсінік берген. Метонимиялық қолданысқа жазушы шығармасынан мысал келтіретін болсақ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет