Негізгі бөлім I бөлім. СӨз мағынасы (семасиология)


«- Ойға барып кел, Қапсаттардың үй ішінің амандығын біл»



бет8/9
Дата14.06.2023
өлшемі216.79 Kb.
#475061
1   2   3   4   5   6   7   8   9
слайд

1. «- Ойға барып кел, Қапсаттардың үй ішінің амандығын біл».(Әке” повесі, 11 бет). Бұл мысалда үй ішінің деген метонимия болып тұр.Бұл жерде үйдің өзі емес, сол үйде тұратын адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.
2. « - Әне, әне, - деді Қаби басын шайқай күліп, - өзі өлейін деп жатып, тілімен біреуді шағып жатады». (“Әке” повесі, 14 бет).Осы сөйлемдегі «тілімен шағып жатады» деген тіркес метонимия болып тұр. Бұл жерде шынымен адам тілімен шаға алады деген мағынада емес, хәл үстінде жатса да, басқа адамдарға тиісті жауабын қайыру мағынасында.
Т.Әбдіков шығармаларында теңеу, әсіресе, күрделенген теңеулер жиі ұшырасады. Мысалы, бір ғана «Таласбай» әңгімесіндегі теңеулердің жасалу жолын қарастырып көрейік.
«Аппақ күмістей сақалы беліне түскен еңгезердей тұлғалы кісі» [10, 377]. Бұл сөйлемде адамның кескін-келбетін суреттеу мақсатымен -дай,
-дей қосымшасы арқылы жасалған жай теңеу берілген: күмістей, еңгезердей.
«Құран оқыған кезде басы онан сайын селкілдеп, өзінің осы бір айықпас дертін айтып, жаратқанға мұңын шағып, жылап жатқандай сай-сүйегіңді сырқыратады» [10, 377]. Бұл сөйлемде молданың құран оқу сәтіндегі бейнесін жаратқанға мұң шағып жатқанына ұқсатқан күрделі теңеу берілген. Күрделі теңеуге З.Қабдолов мынадай түсініктеме берген «бүтін бір құбылысты бірнеше сөзбен бір бөлек ұғымға көшіру» [19, 218].
Қорытынды
Т. Әбдікұлы - талант. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Оған шығармаларын талдау барысында көз жеткіздік. Оның қаламынан туған «Оң қол», «Ақиқат», «Әке», «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы» т.б.
60 – 70 жылдардағы жазушының көркемдік ізденістері көбіне ой айту, тұжырымдама түюдің түрлі формаларын табуға әкелгенін айттық. Ең әуелі жазушыға тән негізгі қасиет кейіпкер психологиясын ашудағы сәтті ізденістері еді. Ол сомдаған кейіпкерлер шынайылығымен, ұлттық характерлеріне тән мінез – құлықтарымен дарланумен де құнды. Жазушының көптеген шығармаларының, әсіресе, бұл қатарда «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повестерінің орны ерекше. Шығарма мазмұнының тереңдігін, көтерген әлеуметтік жерін айтпағанда, шығар аяғындағы аяқталмай қалған драмалық түйіндер оқырман қауымды шет қалдырмай өздерімен бірге ойланып – толғануға шақырады.
60 – шы жылдардың ортасында келіп, Т. Әбдікұлының шығармаларын шолып, пікір білдірдік. Жазушы шығармаларын толық талдап, шықтым деп айта алмаймын. Төлен шығармалары әлі талай ғылыми еңбектердің нысанына айналары сөзсіз. Оның творчествасы жыл өткен сайын жаңарып, жасарып келер ұрпақтың сүйсіне оқитын шығармаларына айналары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет