Негізгі мазмұны тарихи әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX – xxғғ.)



бет4/6
Дата30.04.2024
өлшемі24.87 Kb.
#500162
1   2   3   4   5   6
дәріс тақырыптары

Мәтінтану мектебі.
Мәтінтану дәстүрі және оның мектептері. Мәтінді мақсатты түрде жазу және сақтау. Г. Пауль мен В. Перетцтің филологиялық мектебі, мәтінтанудың тууы. Қазіргі мектептері: Д.Лихачев, Н. Пиксанов.
Герменевтика дәстүрі мектебі.
Герменевтикалық дәстүр және оның мектептері. Мәтінді түсінуді мақсатты түрде санадан деп қабылдау. Гуссерльдің философиялық тұжырымы. ХХ ғасырдағы батыс мектептері. (Дильтей, Яусс, Гадамер). ХХ ғасырдағы орыс мектептері (Подорога, Линецкий). Рецептор (оқушы).
Әдебиеттануды қабылдау. Восприятие литературы. Герменевтика тарихы. Герменевтика принциптері. Түсіну. Пайымдау. Мазмұны. Мәні. Диалогты герменевтика деп түсіну. Дәстүрлі емес герменевтика. Герменевтика Қазақстан, Ресей, шет ел ғалымдары еңбектерінде .(В. Асмус, А. Белецкий, Ф. Шлейермахер, П. Гайденко, Г. Гадамер, М. Фуко, Г. Шпет, Г. Ишук, М. Кедрова, В. Кривонос, М. Науман, В. Прозорова, Л. Чернец, Г. Мучник).


Неомифологизм және мифопоэтика
Архайкалық және классикалық мифтерді оқытудың өзектілігі. Мифопоэтикалық сананы зерттеудің жолдары: психоаналитикалық, юнгтік, дәстүрлі-мифологиялық (Б. Малиновский, Дж. Фрейзер), символдық (Э. Кассирер), этнографиялық (Л. Леви-Брюль), структуралистік (К. Леви-Строс, М. Элиаде, В. Тернер), постструктуралистік (Р. Барт, М. Фуко) т.б. Мифопоэтика орыс ғалымдарының еңбектерінде (В. Я. Пропп и О. М. Фрейденберг). Мифологиялық сюжеттер мен сарындарды көркем шығармаларда пайдалану. Неомифологизмнің негізгі белгілері. Неомифологиялық поэтиканы дамытудағы Қазақстан ғалымдарының зерттеулері. (С. Қасқабасов, Р. Бердібаев, Б. Байтанаев, Н. Келімбетов, Е. Тұрсұнов). Салт-жоралғы-мифологиялық мектептер Р. Смит, Дж. Фрейзер, «кембридж» мектебі және оны ұстанушылар школа (Н. Фрай, М. Бодкин), Анри Бергсонның интуитивті мектебі, Б. Кроче, Ф. Ницшенің мәдени- философиялық мектебі, Р. Унгердің, В. Дильтейдің рухани -тарихи мектебі, Л. Гольдманның, П. Машердің әлеуметтік мектебі.

Рецептивті эстетика. Автор танымы туралы мәселе. Оқу көкжиектері. Қалың оқырман, нағыз оқырман, сүйікті оқырман. Бұқаралық әдебиет. Көркем мәтін иерахиясы. Х. Р. Яссус, В. Изер, Қ. Әбдезұлы, Р. Тұрысбек, З. Бисенгали, Н. Сагындықовалардың зерттеу еңбектеріндегі рецептивті эстетика мәселелері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет