Негізгі мазмұны тарихи әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX – xxғғ.)


Тарихи поэтика мен салыстырмалы – тарихи әдебиеттанудың әдістемелері



бет2/6
Дата30.04.2024
өлшемі24.87 Kb.
#500162
1   2   3   4   5   6
дәріс тақырыптары

Тарихи поэтика мен салыстырмалы – тарихи әдебиеттанудың әдістемелері.
Салыстырмалы әдебиетті зерттеудің пәні. Зерттеудің мақсаты. Салыстырмалы әдебиеттану теориясының міндеттері (А.Веселовский, Ф.Ноэль, Ж.Ампер, К.Пишуа, А.Руссо). Дрюшин концепциясы бойынша әдебиетті салыстырмалы түрде зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жирмунский мен Конрад еңбектеріндегі Батыс пен Шығыс байланыстары. Неупокаева концепциясындағы әлем әдебиеті тарихы. КСРО-ға ӘӘИ басылып шыққан әлем әдебиеті тарихы. Веселовский, Бахтин, Алексеевтердің салыстырмалы-тарихи зерттеулері.
Әдебиеттердің тең екендігі туралы принцип. Қабылданатын әдеби құбылыстар. Қабылдаушы әдебиет. Қабылдаушы құбылыстардың таңдалуы. Әсер ету теориясының көнелігі. Әлемдік әдеби үдерістегі әдебиеттегі еуроцентристік, шығысценстристік басымдықты сынау. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттанудағы контактілі -типологиялық байланыстар (Дюришин, Дюма, Жирмунский, Алексеев). Генетикалық-контактілік байланыстар. Әлемдік әдебиеттанудағы сыртқы байланыстар.
Типологиялық байланыстар. Әдеби байланыстардың шарттылығы. Қоғамдық типологиялық ұқсастықтары. Әдеби типологиялық байла-ныстар. Психологиялық типологиялық өз ара байланыстары. Рецепция түрлері. Үн қосудың рецепцияның бір түрі екендігі. Рецепцияның пайдалы және зиянды түрлері. Рецепцияның интегральды түрлері. (аллюзия, алмасу, стильдеу, филиация, плагиат, бейімделу, аударма) Рецепцияның диференциалды түрлері. (полемика, пародия, травести, бурлеск)
Формальды, құрылымдық – семиотикалық мектептер әдістемесі.
Морфологиялық дәстүр және оның мектептері. Мәтін құрылымы мен мазмұнына назар аудару оның басты мақсаттарының бірі.Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин). Шет ел мектебі: (Греймас, Леви-Строс, Тодоров, Мукаржовский). Қоғамдық ғылымдар басқа ғылымдардың баспалдағы. Әдебиеттану мен лингвистиканың интеграциясы. Семиотика таңбалар жүйесі жөніндегі ғылым, ХХ ғасырдағы өз өзгешелігі бар пәнаралық ғылым. ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты. 1960 – 1970 жылдары семиотиканың екі мектебінің құрылуы, француздық (Клод Леви-Строс, Альгирдас Греймас, Цветан Тодоров, Ролан Барт, Юлия Кристева) және тарту-мәскеулік (Ю. М. Лотман, З. Г. Минц, И. А. Чернов - Тарту; В. Н. Топоров, Вяч. Вс. Иванов, Б. А. Успенский, И. И. Ревзин - Мәскеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет