Некеден кейін әйел бақыты


Ізгі тілекшіңіз- Сабира Нұрпеисқызы



Pdf көрінісі
бет4/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Некеден кейін

Ізгі тілекшіңіз- Сабира Нұрпеисқызы
.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 

1-ші 
бөлім

Ер адамның 
психологиясы
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 

Отбасылық кризистен
қалай шығу керек?
Кез-келген қыз отбасын құрған кезде 
барлығын ертегідегідей елестетеді. 
Неше түрлі киноны, клиптерді көріп 
«ертең үйленеміз, мен күйеуімді таңғы 
асқа бетінен сүйіп оятамын, жұмысқа 
шығарып саламын. Кинодағыдай бәрі 
керемет болады, бал айына барамыз» деп қиялдап
шынайы өмірді қабылдау қиынға түседі. Енді, әрине, 
әркімнің өз қалауы, жоспары болады ғой, ешкім тұрмысқа 
шығарда, үйленерде жамандықты ойламайды. Бірақ көп 
әйелдің қателігі осы идеалды сценарий бірнеше жылдар 
бойы қайталанады деп санауында. 
Алғашқы айлар мен бір жарым жыл көлемінде 
барлығы біз қалағандай болуы мүмкін. Бұны «конфетно-
букетный период» деп атайды. Бір-бірлеріңізді аялап
ұрыс-керістен алыс боласыздар. Үшінші жылға таяп 
қалғанда сіз білмейтін, ұнамайтын мінездері, қылықтары 
шыға бастайды. 
Бұл кезді психологтар «3 жылдық кризис» немесе 
«қызғылт көзілдіріктің шешілуі» деп атайды. Бұны 
байқаған әйелге басқа ойлар келе бастайды. 
«Менің күйеуім өзгеріп кетті», «Бұрын ондай емес 
еді», «Күйеуімнің сезімі суып кетті», «Жұрттың жолдасы 
әйеліне сыйлық береді», «Егер мені жақсы көрсе, гүл 
сыйлауы керек қой» т.с.с. ойлармен күйеуін басқалармен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 

салыстыра бастайды. Әркім махаббатын өзінше білдіреді. 
Біреу сыйлық жасап, романтикаға жақын болады, сезімін 
күнделікті сөзбен айтып отырады, ал біреу сөзбен мүлде 
айтпай, тек қамқорлығымен көрсетеді. Ер адам сізді қатты 
жақсы көріп тұрса да гүл сыйламауы мүмкін. Оған 
көптеген факторлар әсер етеді. Әкесінің анасына деген 
қарым-қатынасы, тәрбиесі, достарынан естіген мынадай 
әңгімелері; «Әйелді еркелетпеу қажет, гүлді тек анаңа 
сыйлауға болады» немесе туысқанының үйінде болып 
жатқан жағдай, яғни ол үйде күйеуі әйеліне қымбат 
сыйлықтар, гүл береді, ал әйелі күйеуінің «басына шығып 
кеткен» және т.б. себептер бар. Оның сыйлық немесе гүл 
бермеуі жақсы көрмейді деген мағынада емес. Ер адам 
«әйел адамға гүл беруге болмайды» деген түсінікті өзіне 
бір рет қалыптастырса, өмір бойына есіне сақтап қалады. 
Ол түсінікті өзгерту қиын, бірақ мүмкін. Ер адам 
махаббатын қалай көрсететіні жайлы бөлек тақырыпқа 
жаздым, мұқият оқып шығыңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет