Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
12
Сыйлау, түсіну, қабылдау...
Маған керегі осы 3 қана амал еді. Оңай сияқты, бірақ
нәпсің жібермей,
шайтан жаман ойлар сала берсе, дәл
осының өзі ең ауыр, ең азапты амалың болады екен.
Сыйлайын десең, сыйлатпайтын әрекеттері көп. Түсінейін
десең, түсіну үшін миыңа кірмейтін қылықтары жетерлік,
қабылдайын десең, қабылдауға келмейтін мінездері көп.
Бірақ бұл үш амалды мен тек қана Аллаһ разылығы үшін
істеп бастағанда, өмірім өзгерді.
Адам үшін істесең, адамнан жауап күтіледі. Мен
сыйласам, ол да сыйлау керек деп іштей кері байланысын
күтесің. Ал Аллаһ разылығы үшін еріңді сол қалпында
сыйлай бастасаң, еш ренішің болмай, уақыт өте келе оның
шынымен сыйлауға тұрарлық амалдарын байқай
бастайсың.
Мен күйеуімді
іштей сыйлап бастағанымда, қандай
амал істесе де түсінуге тырысқанымда және оны өзгертуді
қойып, сол күйі жақсы көріп, оны қабылдағанымда біздің
қарым-қатынасымыз жаңа дәрежеге көтерілді. Алғашқы
тұрмыстық жылы дәрежеміз тең, төмен еді, ал қазір, мен
де, күйеуім де саналы түрде шешім қабылдап, бір-бірімізді
тыңдап, бір идиллияға келгендейміз. Бұл ашық әңгімем
сіздерге пайдалы болды деп ойлаймын. Ешқашан өзгеруге
кеш емес, сондықтан сіздің өзгеруге қадамыңыз осы
кітаппен бірге басталып, әрі қарай көп ілім алумен, және
ілімді өмірде қолданумен жалғасып кетсін деп тілеймін.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
13
Сіз өзгерсеңіз, еріңіз, енеңіз 100 пайыз өзгереді
деп ниеттенбеңіз, себебі бұл өмір үлкен
система.
Өміріңіз - бір система, ал
жақындарыңыздың
бәрі
системаның
элементтері, мінезіңіз, санаңыз соған сай және
тең. Сіздің дәрежеңіз және олардың дәрежелері бірдей.
Бірақ сіз өзгере бастағанда не болады? Ментальды
дәрежеңіз өскенде система сол күйі қалады, бірақ
элементтері өзгереді. Алдағы уақытта күйеуіңіз және
енеңіз системаңыздан шығып кетпеу үшін қатар өзгеріп,
сіз көтерілген дәрежеге тартылуы мүмкін немесе керісінше
таңдауы да бар. Яғни оларға сіздің өсуіңіз, өзгеруіңіз
ұнамаса,
ыңғайсыз болса, онда олар жәй ғана сізбен бір
системада бола алмай, жәйлап араларыңыз үзіліп, сіздің
өмірлік жолыңыз бөлек кетуі мүмкін. Бірақ осы үшін
бақытсыз боламын деп ойламаңыз, себебі қазір, мүмкін,
сіздің бақытыңызды байлап
тұрған кейбір системаның
элементтері шығар. Және олар ертелі кеш системадан
шығуы керек шығар, біз білмейміз, Аллаһ жақсырақ біледі.
Сондықтан сізге өзгерісті «өзгерсем, күйеуім де өзгереді
ғой» деген ниетпен бастамау керек, сіздің ниетіңіз
Алланың алдында таза болу керек. Яғни, тек қана Алланың
разылығы үшін ғана өзгеру керексіз, ал Аллаһ өзі шешеді
қалғанын. Элементтер системада сізбен бірге өзгереді ме,
сізді қабылдайды ма, әлде сіздің системаңыздан Аллаһ
Тағала оларды алып тастайды ма, хайырлысын тек Аллаһ
біледі.
Бұл кітап сіз үшін дайын инструкция болады.
Сізге
нақты психологияны жазамын, ал сіз, егер қазір
басыңыздан кризис кешіріп жатсаңыз, біріншіден,
күнделікті мен жазғандай дұға етіп бастаңыз,
екіншіден,
менің берген инструкциямды өмірде саналы түрде
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
14
қолданыңыз,
үшіншіден,
маған
алғыс
білдіруді
ұмытпаңыз. Қалжыңдаймын, үшіншісі өз еркіңіздегі
дүние. Ендеше, жалғастырайық.
Адамның
дұрыс сұрақ қоя алуы өте көп
қиындықтарды шешуге көмектеседі. Жоғарыдағы мен
өзіме қойған сұрақтарды сіз де өз-өзіңізге қойып, шынайы
жауап беріңіз.
•
Күйеуім мені түсінгенін қалаймын, ал мен оны
түсінуге тырысып жүрмін бе?
•
Күйеуім мені сыйлағанын қалаймын, ал мен оны
себепсіз сыйлап жүрмін бе?
•
Күйеуім мені қабылдағанын қалаймын, ал мен оны осы
күйінде қабылдадым ба?
Достарыңызбен бөлісу: