Некеден кейін әйел бақыты


Не үшін ер адамды сыйлау керексіз?



Pdf көрінісі
бет8/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135
Некеден кейін

Не үшін ер адамды сыйлау керексіз? 
 
Ойлап қараңызшы, бір-бірін сыйламайтын 
адамдар ұрысқанда қандай сөздер айтып 
ұрысады? Ал сыйлайтын адамдар қалай 
ұрысады? Қай жұптың қарым-қатынасы ұрыстан 
кейін жақсара түседі? Негізі, конфликт, яғни 
ұрыс-керіс, екі жұптың арасын жақсарту үшін керемет 
инструмент бола алады. Бір-бірін сыйлайтын адамдар ұрыс 
кезінде кемсітумен, кіналаумен айналыспайды, олар ұрыс 
кезінде түсініспеушіліктің себебін анықтап, келесі жолы 
сол себеппен қайта ұрыспау үшін өзара келісімге отырады. 
Еріңіз сізді сыйлап бастағанын күте берсеңіз, солай 
күтіп өліп кетуге де болады. Тек саналы адам ғана екінші 
жұпқа әсер ете алады, мүмкін, сіз саналы адам болып, 
жұбыңызға әсер ете аласыз, қалай ойлайсыз? 
Сіз менің кітабымды алып, қазір оқып отырсаңыз, 
сіздегі ниет-ара-қатынасты жақсарту ғой. Сіз ажырасу 
үшін кітапты алған жоқсыз ғой, олай болса келесі 
сөздерімді мұқият оқып, түсінуіңіз керек. Сіз ер адамды 
себепсіз 
сыйлап 
бастамасаңыз, 
араңыз 
ешқашан 
жақсармайды. Адамды сыйламасаңыз, сол адам үшін 
себепсіз жақсылық жасағыңыз келмейді, себепсіз жақсы 
көргіңіз келмейді, ол адам да сіздің сыйламайтыныңызды 
сезіп дұрыс қатынас көрсетпейді, сонымен бұның шығу 
жолы болмайды. «Не үшін сыйлауым керек» деген сұрақты 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
18 
әлі қойып жатырсыз ба? Өзіңіз үшін! Өзіңіздің бақытыңыз 
үшін, өзіңіздің тыныштығыңыз үшін, еріңізбен бақытты 
күн кешу үшін, және ең бастысы- Алланың разылығы 
үшін. Бұдан кейін де «неге сыйлауым керек» деп 
ойлансаңыз, еріңізбен бірге өмірді жалғастырудың мәні 
болмас. 
Қалай сыйлап бастаймын? 
 
Бұл енді дұрыс сұрақ. Еріңізді сыйлап бастау үшін 
сізге бірнеше кеңес беремін, соны қазірден бастап 
өміріңізде қолданып бастаңыз. 
1. Күнде азанда оянған соң іштей «мен күйеуімді Аллаһ 
разылығы үшін сыйлаймын» деп айтыңыз. 
2. Еріңіз сізге сөйлеп жатқанда нәзік дауыспен жауап 
беріңіз. 
3. Еріңізге күн ара ыңғайлы сәттерде «мен сені сол үшін 
сыйлаймын ғой» деп кездейсоқ айтып қалыңыз. 
Тілмен айтылмаған дүние көзге көрінбейді, сол үшін 
еріңізді сыйласаңыз да, бірақ дауыстап оған айтпасаңыз, 
еріңіз бұны байқамауы да мүмкін. Еріңізге бүгіннен бастап 
«мені сені осы үшін, сол үшін сыйлаймын ғой» деп айтып 
тұрыңыз. Мысалы, еріңіз әңгімеде бір үйсіз қайыр тілеген 
адамға 100тг бергенін айтты, сіз осы моментті қолданып 
«жаным, жүрегің жұмсақ қой, сені осы үшін қатты 
сыйлаймын» деп айтыңыз. Немесе, еріңіз сізге бір талап 
қойып, «мынаны істе» деп бұйырған болса, күлімсіреп, 
«айтсаң болды ғой, қатты айтсаң да, сені сыйлағандықтан 
бұлжытпай орындаймын» деп айтып қалыңыз. Құлақпен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
19 
естілген дүние жүрекке барады, сіздің де жүрегіңізге 
баратынына сенімдімін. Тіліңізбен айтып бастағанда 
миыңызда жаңа нейронды байланыс дами бастайды, еріңіз 
жайлы жаңа ой қалыптасады.
4. «Жеңу үшін жеңілу» техникасын жасаңыз. Еріңізбен 
әдейі айтысып «спорить» етіп бастаңыз. Еріңіз дәл 
осы ситуацияда ашуланып, өзінің пікірін дәлелдеп 
бастауы керек. Ол дәлелдеп жатқанда сіз бірден «негізі 
сенікі дұрыс, жаным. Мен неге басқаша істегенімді 
білмеймін, дұрыс ойламаған сияқтымын» деп айтыңыз 
да үндемей қалыңыз. Еркек не десе де үнсіз қала беріңіз. 
Ол шоктан сіздің бет пердеңізді шешкісі келетін 
болады, сізді өтірік келісіп тұр деп ойлап, эмоцияға 
шығарғысы келетін болады. Бірақ сіз провокацияға 
берілмеңіз. Бұл техникадан кейін еріңіздің сіз жайлы 
ойы бірден өзгере бастайды. Сіздің әйелдік рөлді 
ұстанғаныңызды көріп, ұрысты жалғастырмай, 
кешірім сұрап, асты-үстіңізге түсетін болады.
 
5. Сыйластық жоқ жерде махаббат жоқ екенін түсініңіз. 
Еріңізді жақындату үшін сізге махаббатты ілгері 
қоймай, сыйластықты ілгері қою керек болады. 
Мысалы, біздің ойымызша, жақсы көретін адам 
қызғану керек, жақсы көретін адам көп көңіл бөлі керек, 
жақсы көремін деп айту керек. Бірақ бұны сізге 
ұмытуға тура келеді. Бүгіннен бастап махаббат 
жайлы, жақсы көру жайлы емес, «сыйластық» жайлы 
ойлап, сыйлайтын адам не істейді деп ойлау керексіз. Ал 
сыйлайтын адам дауыс көтермейді, міндеттемейді, әр 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
20 
нәрсені айтып тиіспейді, қызғанышын шақырмайды, 
ұрысты бірінші бастамайды, көңіл бөлші деп 
сұрамайды. 
 
 
Бүгіннен бастап еріңізбен сөйлесіп жатқанда, 
еріңіздің әрекеті ұнамай қалғанда оған бірден реакция 
бермей тұрып «Осындай ситуацияда сыйлайтын адам не 
істейді?» деп өзіңізге сұрақ қойып отырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет