Гипертермияда жедел көмек
Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,50С,
2 айдан жоғары 36,0-37,00С
Іс-әрекеттер алгоритмі
Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.
1. Баланы төсекке жатқызыңыз, денесін қысып тұрған киімдерін шешіңіз, таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.
2. Баланың дене температурасын қолтық астынан өлшеңіз. Егер
қолтығыннан өлшеу мүмкін болмағанда тік ішектен өлшеңіз. Тік ішектегі температура қолтық астындағы температурадан 10С жоғары болады.
3. Көмек температура көрсеткішіне қарай көрсетіледі.
- Егер дене қызуы 37,0-37,5*С болса, онда балаға көп мөлшерде сұйықтар ішкізіңіз;
- Егер дене қызуы 37,5-38,0*С болса, онда баланы шешіндіріп, денесін дене температурасындағы суға батырылған губкамен сүртіңіз ;
- Егер дене қызуы 38,5*С жоғары болса, онда балаға қызу түсіретін препарат беріңіз;
- Дене қызуын 20-30 минуттан кейін өлшеңіз;
Парацетамолды 1 жасқа дейінгі балаларға 10мг/кг салмағына, 1 жастан асқан балаларға
Құрысып-тырысу кезіндегі жедел көмек
Мақсаты: Жедел көмек көрсету, құрысып - тырысуды басу.
Керекті құрал-жабдықтар: ауру тарихы, туберкулин шприці, диазепам 10мг-2мл, дәке салфеткасы, электросорғыш немесе резин груша, медициналық қалдықтардың арналған контейнерлер (“A” және “Б” сыныптары).
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Қолыңызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.
2. Баланы жұмсақ жерге жатқызыныз (жарақаттың алдын-алу)
3. Баланың ауыз қуысын тексеріп, бөгде заттар болса дәке салфеткамен
тазалаңыз, жұтқыншақтан сілемейлі бөліністерді электросорғыш
немесе резин грушамен сорыңыз (аспирацияның алдын-алу).
4. Баланы барынша жайлы жатқызыңыз, тыныс алу жолдарының
ашылуына мүмкіндік беретіндей басын орналастырыңыз.
5. Ампуланы ашып, туберкулин шприціне керекті диазепам дозасын
сорыңыз. Дозаны салмағына байланысты есептеңіз (0,1МЛ/КГ).
6. Инені шприцтен бөлектеңіз.
7. Шприцті тік ішекке 4-5 см тереңдікке енгізіп, ертіндіні жібереміз.
8. Бөкселерін түйістіріп, бірнеше минут бойы ұстап тұрамыз.
Егер, 10 минут ішінде құрысып-тырысу жойылмаса, онда екінші рет диазепамды тік ішекке немесе к/т жібереміз(0,05мл/кг-25мг/кг). Егер тағыда 10 минут ішінде бәрібір тоқтамаса, онда диазепамды үшінші ретректально жібереміз (немесе фенобарбитал к/т немесе б/е 15мг/кг есебімен қолданамыз).
Егер дене қызуы өте жоғары болса:
- Онда баланың денесін бөлме температурасындағы суға батырылған губкамен ылғалдаймыз, қызуын азайту үшін.
- Құрысып-тырысу тоқтағанша оральды препараттар беруді тоқтата тұру керек(аспирацияның алдын-алу мақсатында).
Достарыңызбен бөлісу: |