Ларингоспазмда жедел көмек
Спазмофилия ауру кезінде дауыс желбезектерінің тарылуы.
Мақсаты: жедел көмек көрсету.
Керекті құрал-жабдықтар: 10 % глюканат кальций, стерильді шариктер, қолданылған заттарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналғын контейнер. Қолды өңдеу, қолғап кию.
Құсқан балаға көмек көрсету
Мақсаты: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түсінің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, резин баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Егер баланың жағдайы көтеретін болса, оны ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Баланың кеудесін салфеткамен, клеенкамен жабыңыз.
3. Баланың аяғаның арасына жерге табақ қойыңыз.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.
6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.
7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
8. Егер бала әлсіріген немесе ессіз күйде жатқан жағдайда болса
9. Баланы бір қырына жатқызыңыз, (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
10.Баланың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.
11.Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе резин баллонмен сорыңыз немесе ауыз қуысындағы құсық қалдықтарын салфеткамен сүртіңіз.
12.Әрбір құсқаннан кейін, салфеткамен ауызын, иегін сүртіңіз.
13.Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
14.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Ескерту:
Бала қан құсса, тез дәрігерді шақыр! Мейірбике құсықты дәрігер келгенше сақтап қой, дәрігердің тағайындауы бойынша жолдама жазып лабораторияға жібер.
Достарыңызбен бөлісу: |