Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет16/72
Дата05.12.2023
өлшемі485.23 Kb.
#485486
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
áõ ýêç (1)-2

Энергия алмасуы.
Энергия алмасуы – энергетикалық материалдардың жануарлар организмінде ыдырап, энергия бөлу немесе белгілі бір қосылыс түрінде синтезделіп, энергияны сақтау процесі.
Энергия алмасуы 4 сатыдан тұрады:
І. Негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырап, ортақ өнім активті сірке қышқылын түзуі. ІІ. Үшкарбон қышқылдарының циклі. ІІІ.Биологиялық тотығу.ІV.Тотығудан фосфорлану.
Негізгі қоректік заттардың катаболизмінің арнайы жолдары.

Үшкарбон қышқылдарының циклі – мәні, реакцияларының реті, ҮҚЦ-нің атқаратын қызметтері.
Бұл циклді лимон қышқылының циклі немесе Кребс циклі деп те атайды, оны алғаш рет 1937 жылы Ганс Кребс ашқан. ҮКЦ-ның жалпы теңдеуі: АцетилКоА = 2СО2+3НАДН2 +ФПН2+АТФ
ҮКЦ-ң қызметі: 1.АСҚ СО2 -ге дейін тотығады; 2.Пластикалық қызмет атқарады. 3.Заттар алмасуын өзара байланыстырады. 4. Энергия активті сутектер түрінде сақтайды. 5. Тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығуға субстрат болады.
Реакцияларының реті: 1- ацетил КоА мен оксалоацетат конденсациялануынан цитраттың түзілуі.
2- цитрат аконитаза ферментінің қатысуымен цис-аконитатқа айналады да, су бөлініп шығады.
3- цис-аконит қышқылы гидротаза әсерінен суды қосып алып изоцитратқа айналады.
4- изоцитратдегидрогеназа ферментінің әсерінен изоцитрат оксалосукцинатқа дейін тотығады. Бірінші тотығу-тотықсыздану жүргендіктен, бірінші тотықсызданған дегидрогеназа НАДН2 түзіледі.
5- оксалосукцинат оксало-сукцинатдегирогеназа ферментінің әсерінен декарбоксилденіп альфа-кетоглутарат түзеді.
6- Екінші тотығу-тотықсыздану. Альфа-кетоглутарат комплексі альфа-кетоглутаратдегидрогеназады комплекспен катализденіп, сукцинил КоА, СО2, екінші НАДН2 түзеді.
7-сукцинил КоА сукцинил КоА-синтетаза ферментінің әсерінен сукцинатқа айналады.
8- сукцинат сукцинатдегидрогеназа ферментінің әсерінен фурматты түзеді.
9- фумаратгидратаза ферменті фумаратты қайтымды гидратациялау арқылы малатқа айналдырады.
10-малатгидрогеназа ферменті әсерінен тотығу-тотықсыздану жүріп малат оксалоацетат түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет