Тәуліктік қажеттілігі: 10-20 мг
Тағам көздері: күріш, нан, картоп, ет, бауыр, бүйрек, сәбіз және т.б. болып табылады.
В5 витамині, пантотен қышқылы.
Құрылысы/хим.табиғаты: Пантотен кышкылыныц молекуласы өзара амидтік (пептидтік) байланыс арқылы байланысқан Д-2,4-дигидрокси-3,3-диметил май қышқылынан және бета-аланиннен тұрады.
Биологиялық әсері: Жасушаларда пантотен қышқылы ацилтрансферазалардың коферменттерінің синтезіне жұмсалады, демек HSKoA құрамына кіреді. HSKoA көптеген биохимиялық үрдістерге: cipкe қышқылын және жоғары май қышқылдарын активтеуге, кетоқышқылдарының тотығудан декарбоксилдену реакцияларына қатысады. Май қышқылдарының, ТАГ, ФЛ, стероидты гормондардың, гемоглобин гемнің,
ацетилглюкозаминдердің, ацетилхолиннің синтезінде маңызды роль атқарады және бөгде заттарды бауырда залалсыздандыруға жұмсалады.
Авитаминоз: дерматиттердің, ішкі секреция бездерінде (мысалы, бүйрекүсті бездерінде)
дистрофиялық өзгерістер, шаш ағаруы (депигментация), шаш түcyi (алопеция), тәбеттің нашарлауы, жудеу.
Тәуліктік қажеттілігі: 10 мг
Тағам көздері: көптеген жануар текті жэне өсімдік текті тағамдарда жұмыртка, бауыр, ет, балық, сүт, ашытқы, картоп, сәбіз, бидай, алма.
В6 витамині, пиридоксин, антидерматитті.
Құрылысы/хим.табиғаты: В6 витаминінің негізгі құрылымы -пиридин сақинасы. В6 витаминінің 3 формасы бар: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин және бір-бірінен азот атомына пара-жағдайда орналасқан 4-ші көміртек атомында алкогольдің, альдегидтің немесе амин тобының болуымен ерекшеленеді.
Биологиялық әсері: В6 витаминінің барлық формалары организмде коферменттер: пиридоксальфосфат, пиридоксаминфосфат түзуге жұмсалады. Коферменттер пиридоксалькиназа ферменттің және АТФ-ң қатысуымен фосфорланады. Пиридоксальдық фермент амин кышкылдарының алмасуында негізгі роль атқарады: амин қышқылдарының трансаминдену және декарбоксилдену реакцияларын катализдейді, жеке амин қышқылдарының алмасу реакцияларына қатысады.
Авитаминозы: Балаларда В6 витаминінің жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесінде қозудың артуымен, шеткі жүйке жүйесінде тырысып қалумен сипатталады, бұл тежеу медиаторы - гамма-аминомай қышқылының (ГАМҚ) жеткіліксіз түзілуімен байланысты. Ересектерде В6 гиповитаминозының белгілері туберкулезды ұзак уақыт бойы изониазид препаратымен (В6 витаминінің антивитамині) емдегенде байқалады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы (полиневриттер), дерматиттер, стоматиттер және глоссит дамиды.
Пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі: 2-4 мг
Тағам көздері: бұршак, астық тұқымдастарда, ет тағамдарында, балық, картоп.
Фолацин, фоль қышқылы, Вс витамині
Құрылысы/хим.табиғаты: Фоль қышқылы 3 құрылымдық бөліктен: птеридин қалдығынан, пара-аминобензой қышқылынан, глутамин қышқылынан тұрады.
Биологиялық әсері: Фоль қышқылы тотығу дәрежелері әр түрлі бip көміртек радикалдарының тасымалдану реакцияларын катализдейтін коферменттердің синтезі үшін субстрат болып табылады. Бұл коферменттер пуриндік нуклеотидтердің синтезіне, УМФ ТМФ-қа айналуына, глицин, серин, метионин амин қышқылдарының алмасуына қатысады.
Авитаминозы: қан жасалуының бұзылуы және осымен байланысты қаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттык, макроцитарлык анемия), лейкопения дамиды, бой өcyi тежеледі. Вс гиповитаминозы кезінде эпителийдің регенерациясы тежеледі, әcipece ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады. Витамин ішек микрофлорасында жеткілікті мөлшерде синтезделетіндіктен, оның авитаминозы сирек кездеседі. Алайда, кейбір ауруларды емдеуде сульфаниламидтік препараттарды көп қолдану авитаминозды тудырады. Бұл препараттар - пара-аминобензой қышқылының структуралык аналогы, олар микроорганизмдердеп фоль кышкылы синтезін тежейді.
Тағам көздері: Вс витамині жасыл жапырақты өсімдіктерде: шпинатта көп, салатта,
Орамжапырақта, сонымен қатар томатта, жабайы бүлдіргенде кездеседі. Бауыр, ет, жұмыртка сарысы осы витаминге бай.
Достарыңызбен бөлісу: |