Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет21/72
Дата05.12.2023
өлшемі485.23 Kb.
#485486
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
áõ ýêç (1)-2

Құрылысы/хим.табиғаты: С витаминінің құрылысы глюкозаға ұқсас - гамма-лактон (гексозаның туындысы) болып табылады. Оның молекуласында 2 ассимметриялық көміртек атомы (4С, 5С) және 4 оптикалык изомер бар. L-аскорбин қышқылы ғана биологиялық активтілікке ие. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылымен редокс-жұп тузеді.
Биологиялық әсері: Аскорбин қышқылы келесі процестерге қатысады: 1) триптофанды 5-гидрокситриптофанға гидроксилдейді 2 ) холестериннен бүйрек үстi безінің гормондарының синтезінде стероидтарды гидроксилдеуге қатысады 3) фенилаланиннің тирозинге, тирозиннің диоксифенилаланинге, диоксифенилаланиннің норадреналинге айналуын катализдейді 4) фоль қышқылының ТГФҚ айналуын; 5) коллаген синтезінде пролин мен лизиннің гидроксилденуіне қатысады; 6 ) ішекте аскорбин қышқылы Fe3 -тi Ее2+-ке тотықсыздандырады, оның сіңірілуіне жағдай жасап, ферритиннен темірдің босауын тездетеді 7) С витамині жасушаішілік антиоксиданттық қорғаныс жүйесінде басты орын алады, ол жасушаішілік антиоксидант болып табылады. 8 ) С витамині цитохром Р450 оксигеназды жүйесі жузеге асыратын токсиндердің, антибиотиктердің және т.б. бөгде заттардьң залалсыздануына қатысады. 9) аскорбин қышқылы қатерлі ісіктің алдын алады (асқазан ішек ауруларында). 10) Тыныс алу тізбегінде цитохром с үшін электрондардың доноры 11) Көп мөлшерде бактерицидтік активтілікті және нейтрофилдердің миграциясын стимулдейді 12) Ig А жэне Ig М антиденелерінің түзілуін күшейтеі 13) Интерферондардың түзілуін және бөлінуін күшейтеді.
Авитаминозы: С витамині жетіспегенде тез шаршау, асқа тәбеттің төмендеуі, жұқпалы ауруға төзімділіктің төмендеуі, теріде көгерген (қанталау) аймактар пайда болады. Қызыл иек канауы - С витаминінің гиповитаминозының асқынған бейнесi, С витаминінің мүлдем болмауы цинга (скорбут) ауруына шалдықтырады. Цинганыц негізгі симптомы капиллярлардың өткізгіштігінің. Сонымен қатар гиповитаминоздың клиникалық көріністepi: кызыл иектің қанауы, тістердің босауы, байламдардың iciнуі, сүйектің зақымдануы, терінің солғын тартуы, жараның жазылуының кешігуi. С гиповитаминозы кезінде организмнің иммундық қорғаныс реакциялары әлсіреп, сәуле, iciк , атеросклероз, диабет жэне т.б. аурулардың патогенезң негізінде жатқан бос радикалды тотығу реакцияларының кушеюі байқалады.
Тағам көздері: өсімдік текті тағамдар, әсіресе бұрыш, қара қарақат, аскок, балдыркөк, орамжапырак, цитрустар, жабайы бүлдірген, итмурын С витаминіне бай.
Тәуліктік қажеттілігі: 60-100 мг


Р витамині, рутин, биофлавоноидтар.
Құрылысы/хим.табиғаты: Барлык биофлавоноидтардың құрамында дифенилпропанды «көміртекті қаңқа» бар және негізінен хромонның немесе флавонның туындылары болып табылады. Флавоноидтардың жеке өкілдері бip-бipineн молекуласындағы пропан үзіндісінің тотығу дәрежесіне, сонымен қатар ароматты сақиналардағы гидроксил топтарының саны мен орналасқан орнына байланысты ажыратылады.
Биологиялық әсері: Биофлавоноидтар дәнекер тінінің жасушааралық матриксін тұрақтандырып, капиллярларға өткізгіштігін төмендетеді. Р витаминінің капиллярға беріктік беретін әcepi оның коллагеннің тузілуін реттеу кабілетімен (С витаминінің синергии) және дәнекер тінінің негізгі затынын гиаруонидаза арқылы деполимерленуіне кедергі жасауымен байланысты. Биофлавоноидтар аскорбин қышқылын тотығудан корғайды және дегироаскорбин қышқылын аскорбин қышқылына айналдырады. Р витамині тобының көптеген өкілдері гипотензивті, седативті және атерогенді әсер көрсетеді. Рутин және квертецин - Р витаминдік активтілікке ие полифенолдар, олар тиімді антиоксидантгар болып табылады. Биофлавоноидтар жасушалардағы биологиялық; маңызды қосылыстардың, соның ішінде убихинонның түзілуіне жұмсалуы да мүмкін.
Авитаминозы: Гиповиаминоздың клиникалық көріністері: қызыл иектің қанауы, ұсақ нүктелі қан құйылулар, жалпы әлсіздік, тез шаршау, аяқ-қолдарының ауруы.
Тәуліктік қажеттілігі: дәл анықталмаған. 25–50 мг.
Тағам көздері: Р витамині С витамині бар өсімдік тағамдарында кездеседі. Қара шетен, қара қарақат, алма, жузім, шай жапырағы және итмұрын жемісі Р витаминіне бай.


Майда еритіндер:


А витамині, ретинол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет