Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері:
Мочевина.
Креатинин.
Глюкурон және күкірт қышқылдарының эфирлері.
СО2 и Н2О.
Аммоний тұздары.
Гиппур қышқылы.
Биогенді аминдердің ыдырауы кезінде түзілген альдегидтер мен кетондар.
Зәр арқылы күніне 25-30 г мочевина бөлінеді. Жалпы, зәрмен экскрецияланатын барлық белок азотының 85 % мочевинаның , 3% аммоний тұздарының , 5% креатининнің үлесіне тиеді.
13.Күрделі белоктардын алмасуы.Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы.Өт, нәжіс, зәр және қан плазмасы пигменттерінің түзілуі.Пигменттік алмасудың бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы түсінік (порфирия және сарғыштану). Несеп қышқылының түзілуі туралы түсінік. Күрделі нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері.
Күрделі белоктардын алмасуы:
Күрделі белоктар- жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Күрделі белоктарға: Фосфопротеиндер,Хромопротеиндер,Гликопротеиндер,Металлопротеиндер,Липопротеиндер,Нуклеопротеиндер жатады.Оның алмасуы 4 сатыдан тұрады:
Нәруыздардың қорытылуы;
Сіңірілу сатысы;
Аралық алмасу;
Күрделі нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері.
Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы:
Гемоглобин- күрделі белок, ол хромопротеидтер тобына жатады, глобиннен және простетикалық топтан(4 гемнен) тұрады.Гемоглобин сүйек кемігінің жасушаларында синтезделеді. Гемоглобин синтезіне қажетті барлық құрамдас бөліктер қан арқылы түседі. Гемоглобиннің белоктық бөлігі жай белоктар тәрізді синтезделеді, ал гем синтезі бірнеше сатыда әртүрлі ферменттер әсерінен өтеді:
СукцинилКоА мен глицин конденсацияланып, δ-аминолевулинат түзіледі, аминолевулинатсинтетаза ферменті катализдейді;
-АЛҚ (дельта аминолевулин қышқылы) екі молекуласы конденсацияланып, порфобилиноген түзіледі;
ПБГ-нің(порфобилиногеннің) 4 молекуласы қосылып протопорфирин IX түзіледі;
Гемсинтетаза ферментінің қатысуымен протопорфирин IXға темір ионы қосылып, гем түзіледі.
Глобиннің әрбір полипептидтік тізбегі бір гемге байланысып, гемоглобиннің мономерін түзеді. Төрт мономер бірігіп, гемоглобин түзіледі.
Гемоглобиннің негізгі қызметі- оттекті өкпеден тіндерге , ал көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау және қанның рН-ын тұрақты сақтауға қатысу.
Гемоглобиннің ыдырауы: Hb – эритроциттердің негізгі нәруызы. Эритроциттер 110-120 күн өмір сүріп, одан кейін гемолизге ұшырайды. Күніне 8-9 г Hb бөлінеді. Гемоглобин қанға түсіп, гаптоглобинмен байланысып, гемоглобин-гаптоглобин (Нb–Hp) комплексі түрінде макрофагтымоноцитарлық жүйенің (ММЖ) жасушаларына түседі: бауырдың Купфер жасушалары, лимфа түйіндерінің жасушалары,көкбауыр,ішектегі пеер түйіндерінің жасушалары.
Гемдегі І және ІІ пиррол сақиналарының арасындағы метин көпіршесі үзіліп, вердоглобин (ВГ) түзіледі. Содан соң вердоглобиннен глобин мен Fe3+ бөлінеді, жасыл түсті пигмент – биливердин (БВ) түзіледі. Темір иондары (Fe3+ ) β-глобулиндермен байланысып, трансферрин түрінде бауыр мен көкбауырға тасымалданады, сол жерде ферритин түрінде қорға жиналады. Глобин жай нәруыздар сияқты аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |