«Неврология» пәні бойынша сараланған сынақ сұрақтарының тізімі



бет4/16
Дата08.12.2023
өлшемі108.56 Kb.
#485945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Перечень вопросов фельдшер каз (копия)

Ишемиялық инсульт- Тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.
Клиникасы: Кенет әлсіздік
Паралич (салдану) немесе беттің, қолдың, аяқтың жансызданып, ұйып қалуы, әсіресе, дененің бір жағында
Естің қалыпты болмауы
Сөйлеу мен түсінудегі мәселелер
Бір немесе екі көздің де көруіндегі бұзылыстар
Тыныс алудағы мәселелер
Бас айналуы, жүрудегі қиындықтар, тепе-теңдікті немесе қимыл үйлесімін жоғалту және түсініксіз құлаулар
Естен тану
Кенет және күшті бас ауырсынуы



  1. Жедел ми қанайналым бұзылыстары кезіндегі жедел көмек көрсету тактикасы.

  • мойыны бүгіліп, қанның ағысының нашарлауы үшін бас пен иықты жастыққа қойып, науқасты көлдеңенінен жатқызу керек

  • тыныс алуды қиындататын киімнің алдын шешіп, таза ауаның келуіне ықпал ету керек

  • тісінде протез болса, алып тастау

  • егер науқас құсып жатса, басын бір жаққа қисайтып, құсықтын тыныс алу жолдарына кепеуі және тілдің артқа кетпеуі үшін құсықты шығару керек

  • тынысты қалыптандыру

  • Артериалды гипотензияда тамырға тамшылатып полиглюкин 400,0 мл немесе пентокрахмал 500 мл.

  • -тырысу синдромы қатар қосылса, диазепам бастапқы мөлері 10-20мг

  • - бас-ми ісік болған жағдайда, осмотикалық диуретик жүргіземіз;

  • - қайталамалы құсықта метоклопромид 2 мл, 10 мл бұлшық етке;

  • - микроциркуляцияны жақсарту үшін пентоксифиллинді к/т тамшылатыпп 0,1 г мөлшерде 250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт-де 90-180 мин ішінде

  • - қанның ұю қасиетінің бұзылысын реттеу үшін - гепарин 5000 Б. кт

  • - егер науқаста жүрегі тоқтап қалған жағдайда, ЖӨР, кеңірдек интубациясын, жүрек дефибрилляциясын жүргіземіз;

  • - жақын жердегі ауруханаға жедел жәрдеммен тез арада жетіземіз.




  1. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттың дифференциальды диагнозы.

Симптомдары

Ишемический инсульт

Геморрагический инсульт

Аурудың басталуы

Біртіндеп, мүмкін түнде немесе таңертең.

Физикалық немесе эмоционалдық стресстен кейін кенеттен, күн ішінде.

Науқас түрі

Ерекшеліктерсіз.



Бет гиперемиясы, склера, блефароспазм, гипергидроз.

Бас ауруы, жүрек айну, құсу

Сирек.

Көбінесе, «басқа соққы» сияқты өте қатты бас ауруы бар.

Фокусты белгілер

Көрсетілген.



Ми ішілік қан құйылуда көрінеді, САГ-да жоқ.

Бұзылған сана

Біртіндеп.

Көбінесе ол тез дамиды - ступорға немесе терең комаға дейін.

Гипертония

Жиі.

Сирек

санасы

Қысқа уақытқа жоғалуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді жоғалту болуы мүмкін немесе қысқа мерзімді жоғалту болуы мүмкін.

Гемипарез (монопарез)

Көбінесе, аурудың ең басынан бастап.

сирек

Қозғалыс қозуы

Сирек

Жиі

Ұстама

Сирек

жиі

Менингеальды белгілер

сирек

Көрсетілген

Сөйлеудің бұзылуы (афазия, дизартрия)

Жиі

сирек

Мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі

Жоқ

Жиі

ликвор (ерте сараптама)

Әдетте түссіз

Қанды

Көздің торлы қабығына қан құйылу

Жоқ

Жиі

ЭКГ

Жүректің гипертрофиясы

Миокардтың ишемиялық, инфаркттан кейінгі өзгерістері, ырғақ бұзылыстары

КТ

Жоспарланған нейрохирургиялық араласуға дейін церебральды тамыр патологиясының болуын растау

Жоспарланған нейрохирургиялық араласуға дейін церебральды тамыр патологиясының болуын растау

МРТ

Қан кету мен гематоманың суретін алуға, церебральды ісіну белгілерін, ми-жұлын сұйықтығы жолдарына түсетін қанды және олардың ығысуын анықтауға мүмкіндік береді.

Некроз (инфаркт) аймағының, оның ішінде магистраль аймағындағы кескінді алуға, перифокальды ісіну белгілерін және ликер-динамикалық жолдардың ығысуын анықтауға мүмкіндік береді. Ангиографиялық режимде ол инвазивті емес жолмен қан тамырларының кескіндерін береді


  1. Бас ми қанайналым бұзылыстарының жіктелуі.

Ми қанайналымының бұзылыстары жіті жəне созылмалы болып екіге бөлінеді:
1. Жіті формасына ми қанайналымының ауыспалы бұзылулары мен инсульт жатады.
2. Созылмалы формасына – мидың қанмен қамсыздандырылу жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері жəне дисциркуляторлы энцефалопатия (гипертониялық, атеросклероздық жəне аралас).



  1. Инсульттың зерттеу әдістері және емі.

Зерттеу әдістері: МРТ, КТ, ЭКГ. Менингиальді белгілерді аықтау(б.е регидтілігі, симптом кернинга, симптом грудинского, беркилева), мотор саласын зерттеу, координациясын зерттеу.
Емі.
Жедел көмектің мақсаты:
1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.
2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.
-Базисті жəне дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады.
Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі. Дифференциалды терапия - инсульттің ишемиялық жəне геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.
-Базисті терапия бір-бірімен байланысқан үш компоненттен тұрады:
1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.
2. Инсульт əсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу - бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электр тепе-теңдігін түзеу, қышқыл - негіздік жағдайды жəне инфекцияның алдын алу.
3. Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын басуға, церебральді қан айналымының жедел бұзылысын жоюға: антигипоксанттарды, нейротрофикалық жəне мембрана стабилизаторларды, антогонист глутаматтарды қолдануға болады.



  1. Инсульттың профилактикасы.

  • қан қысымын бақылау;

  • орташа физикалық белсенділік, жаяу жүру;

  • диспансерлік бақылау және профилактикалық тексерулер;

  • стресстік жағдайларды болдырмау;

  • салмақты бақылау;

  • Салауатты тамақтану;

  • темекі шегуден және басқа да жаман әдеттерден бас тарту;

  • инсульт тудыруы мүмкін ауруларды емдеу.




  1. Менингиттердің жіктемесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет