Цереброспинальды эпидемиялық менингит - менингококкты инфекцияның формасы
Клиникасы: Қалтыраумен жедел басталады, дене қызуының 38-40С жоғарылауы. Жалпы жағдайы кенет нашарлайды.
Менингеальді симптомдар бірнеше сағаттан соң пайда болып, жылдам үдейді.
Бет гиперемияся, қозғалыс бұзылысы пайда болады.
Ес бұзылысы мен қозғалыс бұзылысы жиі аурудың 2-ші-4-ші күндері пайда болады.
Этиологиясы: Грамтеріс диплококк – Вейксельбаум менингококк.
Диагностика: цереброспинальды сұйықтықты зерттеу, соның ішінде бактериоскопия және менингококкты анықтау және оны қоректік ортада оқшаулау арқылы расталады.
Емі: Кешенді болуы тиіс
Этиотропты терапия
Патогенетикалық терапия
Бензилпенициллин 200 000 – 300 000 ЕД 1 кг/тәулік – 24 млн ЕД, кеш тағайындалса немесе ауыр жағдайда 500 000 – 1 млн. ЕД/кг/тәу 6 қабылдауға
немесе Ампициллин – 12-14 г тәул, балаларға - 200-300 мг/кг тәул 6 қабылдауға.
Альтернативті препарат – цефтриаксон – 4 г тәул, балаларға – 100 мг/тәул 1-2 қабылдауға
Альтернативті препарат – рифампицин үлкендерге 1,2 г/тәу – 2 қабылдауға
Альтернативті препарат - левомицетин – үлкендерге 4 г тәул, балаларға - 100 мг/тәул 6 қабылдауға
Дезинтоксикациялық терапия
Дегидратациялық терапия
Электролиттік бұзылыстарды реттеу
Эпилептикалық тырысулардың алдын алу
Туберкулезды менингит. Этиология, клиника, диагностика, емі.
Туберкулезді менингит-туберкулез микобактерияларын жұқтыру нәтижесінде бас миының жұмсақ қабатының арнайы қабынуы.Барлық уақытта кеш анықталумен емдеуі қиын
Этиология: Аурудың қоздырғышы - Кох таяқшасы
Клиникасы: Жасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз ұйқышыл,. Түнімен мазасыз болады. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Науқас дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Науқас басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап бұрады,жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді.
Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады.
Диагностика: рентгенографияөкпе; тамырды зерттеу; лимфа түйіндерін, көкбауырды және бауырды тексеру; туберкулин сынамасы (Манту сынамасы).
Емі: Бұл патологияны емдеудің қарқынды кезеңі тек ауруханада жүргізіледі. Пациенттерге туберкулезге қарсы бірнеше препараттармен біріктірілген ем тағайындалады:"Стрептомицин". "Изониазид". "Рифампицин". "Пиразинамид". "Этамбутол".
4-5 препарат бір мезгілде әртүрлі комбинацияларда тағайындалады. Бұл схема алғашқы 2-3 айда сақталады. Сонда дәрінің екі түрі ғана қалады: Изониазид және Рифампицин. Ауруды емдеудің жалпы курсы айтарлықтай ұзақ, ол шамамен 12-18 айға созылады.
Асқынулардың дамуын болдырмау үшін глюкокортикоидты гормондар тағайындалады: Дексаметазон немесе Преднизолон. Сондай-ақ неврологиялық бұзылулардың алдын алу үшін В тобындағы витаминдер, глютамин қышқылы, «Папаверин» тағайындалады.
Қалыпты ликвор құрамы.
Ликвор(Цереброспинальды сұйықтық)- ми қарыншаларында, жұлын-сұйықтық жолдарында, ми және жұлынның субарахноидты кеңістігінде айналатын сұйықтық.
Жақында МРТ зерттеулері көрсеткендей, ересектердегі цереброспинальды сұйықтықтың интракраниальды көлемі шамамен 170 мл құрайды. Қарыншаларда 25 мл, спинель көлемі шамамен 100 мл.
Энцефалит. Классификация, негізгі клиникалық синдром.
Энцефалит– бас миының қабынуы.
Класификациясы:
1)Біріншілік вирусты
а) Арбовирусты маусымдық: көктем-жаздық (кенелік, шотландық), жаз-күздік энцефалиттер (масалық, американдық Сент-Луис, австралиялық Муррея, жылқы энцефаломиелиті);
б) Маусымы толық анықталмаған біріншілік вирустық (Коксаки және ЕСНО) энцефалит (герпес және тұмау вирустарынан, құтыру ауруынан болатын энцефалиттер)
2)Екіншілік вирусы
Параинфекциялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (қызылша, шешек, қызамықтанболатын эцефалиттер т.б.)
Вакцинациялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер
Миелинсіздіретін энцефалиттер (лейко және панэнцефалит, шашыранды склероздың балаларда кездесетін түрлері)
Ревматизм және басқа коллагенездерден болатын энцефалиттер
Туберкулостатикалық энцефалиттер
3)Микробтық және рикециялық
Біріншілік энцефалиттер (нерв жүйесінің сифилисі, бөртпе сүзектен болатын энцефалит).
Екіншілік энцефалиттер (стафилококктық, стрептококктық, маляриялық, токсоплазмоздық т.б.)
Клиника: конвульсиялар, паралич, сөйлеу және қозғалыстарды үйлестіру қиындықтары, сондай-ақ психикалық бұзылулар. Кейбір науқастарда сананың нашарлауы, ұйқысыздық, кеңістік пен уақытта бағдардың бұзылуы, ойлау мен есте сақтау проблемалары байқалады.
Кене энцефалиты: этиология, клиника, диагностика, емі.
Достарыңызбен бөлісу: |