128
«Жағымды естелік» жаттығуы
Студент ӛзін
толықтай тыныштықта, босаң күйде, және ӛте жарқын
кездерін еске түсіріп, сол кездегі сезімдерді барынша қайта жаңғырту
ұсынылады. [260]
7 Сабақ
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компоненті
«Назар аудару» жаттығуы
Жүргізушіден ӛзге қатысушылардың барлығы орындыққа отырады.
Жүргізуші топқа қарама – қарсы отырады. Қатысушылар кӛздерін жұмып
жүргізушіні назар қойып тыңдайды. Жүргізуші 10-15 секунд интервал
аралығында дене мүшелерін
атап айтады, мысалы: оң қол, мына саусақтың
ұшы, бас, кӛз, иық белдеуі т.б. Қатысушылар назарын жүргізуші атаған дене
мүшелерәне аударады. Мүмкіндігінше осы дене бӛлімдерін іштей сезіну керек.
Сыртқы дене мүшелеріне назар бӛліп
болған соң, ішкі мүшелерге ауысамыз.
Жүргізуші ішкі дене мүшелерін атап айта бастайды, мысалы: асқазан, бауыр,
тіл, тамақ және ӛзге мүшелер, тек жүрек тұсындағы мүшелер атап айтылмайды.
Сонымен Сіз орындықта отырсыз жүргізуші сіздің назарыңызды жүрек тұсы
мүшелерден ӛзге мүшелерге аударды. Сіз осы мүшелер алаңын сезіне
бастайсыз. Нәтижесінде жүргізуші бұйрығынан кейін кӛзіңізді ашасыз.
Жүргізуші қайтадан алдында аталған дене мүшелерін қайта атап ӛтеді, ол
алдындағы тізімге сай жүргені абзал. Ал Сіз осы мүше аумағына назарыңызды
бӛле алған болсаңыз қолыңызды кӛтересіз. Кезекпен қол кӛтерген
барлық
қатысушылар ӛз сезімдерін сипаттап береді. Сонымен жүргізуші дене
мүшелерін атауды бастайды. Жүргізуші қорытынды шығарған кезде: нәтижесін
айтып және оған баға береді. Ойын аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: