127
Қазіргі күні Сіз үшін қуаныш, қайғы – мұң қандай екенін сезініп,
оны қалай
бастан ӛткересіз. Ойыңызда айтыңыз: «Менде сезім бар, бірақ мен тек сезімнен
ғана тұрмаймын». Ӛз ойыңызды түсініп оларды бақылап кӛріңіз. Олар
аспандағы бұлттар тәріздес бірі кетіп,
бірі келеді, олар үнемі ӛзгерісте және
оларды тоқтату қиын. Ӛз ойларыңыздың энергиясын сезініңіз. Мына ойды
түсініп алыңыз: «Менде
зерде бар, бірақ мен тек зердеден тұрмаймын». Мен
таза сезіну орталығымын. Осы орталықтан Сіз ӛз денеңізді,
сезімдеріңізді,
зердеңізді бақылап, бағдарлап және олардың белсенділігін ӛзгерте аласыз.
Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті
«Мен – жақсы, Мен - жаман» жаттығуы.
Психолог маман топ мүшелеріне ӛз мінез – құлық сапаларының тізімін
құруды сұрайды. Берілген ақ парақты дәл ортасынан түзу сызық арқылы екіге
бӛліп, сол жақ бетіне ӛзіндік
жақсы қасиеттерін, ал оң жақ бетіне жаман
қасиеттерін жазу керек. Жазып бастауды жақсы қасиеттер
тізімінен бастаған
абзал.
Әңгімелесу барысында психолог маман қатысушы қыз бала және ер
баланың жазған тізіміндегі қасиеттер тең немесе жақсы қасиеттер басым болу
керектігін айтып ӛтеді.
Қатысушы
жаман қасиеттерді тізіп жазып, олардың саны жақсы
қасиеттерден артық болған кезде жаттығуды тоқтатпаған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: