Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет33/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

 
3.2 
Студенттердің 
психологиялық 
денсаулығын 
дамытудың 
психокоррекциялық 
 
бағдарламасы 
және 
қалыптастырушы 
эксперименттің нәтижелері
Бағдарлама студенттермен тәжірибелік жұмыс және психодиагностика 
кезеңінде алынған мәліметтері бойынша жетілдірілді, эксперименталдық 
апробациясы 2013-2014 жж. бойы жүргізілді. Бағдарлама 90 мин. 
ұзақтығындағы 12 сабаққа арналған.


113 
Бағдарлама студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының авторлық 
моделіне негізделген. Әр бір сабақ модельдің құрамын бейнелейтін 4 
компоненттен тұрады. 
Интегралды-тұлғалық қасиеттер компоненті: невротизацияны, стреске 
тӛзімділік, бейімделуді, мазасыздануды түзету.
Рефлексиялық компоненті ӛзін-ӛзі бағалау мен субъективтік бақылаудың 
түзетуін қамтиды.
Құндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті құндылық 
бағдар жүйесі мен ӛзіндік маңыздану деңгейінің арттыруын қамтиды.
Эмоционалдық компонент эмоционалдық ақыл-ойдың дамуын және 
қобалжу-депрессиялық эмоционалдық қасиеттердің
түзетуін қамтиды.
Әр түрлі нұсқаларды таңдау арқылы бағдарламаны жүзеге асырудың 
вариациясы жобаланады: 
- жеке психокоррекциялық бағдарлама; 
- тренингтік топтық бағдарлама. 
Қалыптастырушы экспериментте Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров 
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ, орыс бӛлімінің 1-ші және 
3-ші курс студенттері қатысты. Эксперимент кезеңінде 4 топ жинақталды: 1-ші 
курс қазақ бӛлімінде 30 студент және орыс бӛлімінде 30 студент, 3-курс қазақ 
бӛлімінде 30 студент және орыс бӛлімінде 30 студент, сонымен барлығы 120 
студент қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет