116
процедураны
орындауымыз
керек.
Сіздердің
әрқайсыларыңыздың
«жігерлеріңізді» салмақтап кӛрейік. Орнымыздан тұрып түйнекке жиналған
саусақтарымызбен бір нүктеге тигізейік, мысалы,
ең жақсы сензитив
қолындағы нүктеге. Барлықтарыңыз бір нүктеге қол тигізіп, биоәлеуетті
теңестірген соң, бір-біріңіздің саусақтарыңыздан
шығып жатқан энергия
ағымын қашықтықтан сезесіздер.
Демек, тұрыңыздар, бір-біріңіздің қолдарыңызға тигізіңіздер. Мархабат (10
секунд кідіріс). Рахмет, енді орын-орындарыңызға жайғасып, бір-біріңізге
қашықтықтан әсер етуге тырысыңыздар.
Барлық энергияны саусақтың
ұштарына шоғырландырып, оны біртіндеп сезімтал жерлерге бағыттаңыз: ерін,
маңдай, ӛз әріптестеріңіздің мойындары. Қатысушылардың қайсысымен ӛзара
әрекеттестік коммуникациясы тиімдірек болады, соны есіңізге сақтаңыз.
Осылайша, бірнеше секунд күш алып және одан кейін қысқа импульстік сейілу
жасаймыз. Мархабат, бастаймыз (кідіріс 30 секунд). Рахмет, рахмет. Ал енді,
әдеттегідей, жаттығу нәтижесі бойынша пікір алмасайық. Қорытындылары.
Аяқтау [255].
АТ жаттығуы
- жылулық сезімін шақыру.
Ойша қайталау: «Мен тынышпын» (1 рет); «Менің денем ауыр» (1 рет);
«Менің оң (сол) қолым жылы» (6 рет). Ары қарай жылулықты сендіру екінші
қолға, аяққа, толықтай денеге таралады. «Екі қол да жылы... екі аяқ та жылы...
бар дене жылы» формуласына ауысады.
Ары қарай 1-інші және 2-нші жаттығулар бір формуламен біріктіріледі:
«Қолдар мен аяқтар ауыр және жылы». Егер денедегі ауырлық және жылулық
жеңіл әрі анық шақырылатын болса, онда
жаттығу меңгерілген болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: