АТ
жаттығуы –
құрсақ қуысы мүшелеріне әсер ету. Топқа алдын ала, ішкі
мүшелер қызметін тұрақты етудегі, іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып
бірігіп кетуінің рӛлі мен оны жайылпау туралы түсіндіріледі. 1-4
жаттығулардағыдай түйсіктер бірізділікпен еске түсіріледі, одан кейін 5-6 рет
ойша келесі формула қайталанады: «іш қуысындағы жүйкелердің бірігуі
жылы... ол жан-жағына жылулық таратады».
Рефлексиялық компонент
«Әлді жақтар» жаттығуы
Барлық қатысушылар топ құрып отырады. «Бүгінгі күнді бір-бірімізге
кӛңіл бӛлуден, бір-біріміз туралы ойлаудан бастайық және оны келесідей
істейміз: кӛзді жұмып (жаттықтырушы кідіріс жасап, топтың барлық
қатысушыларының кӛздерін жұмғанын күтеді) ойша шеңбер бойымен жүреміз,
әрбір қатысушының алдында тоқтап, сол адамның қандай әлді, жақсы жақтары
бар екендігі туралы ойланамыз».
Жаттықтырушы да жаттығуға қатысады, бұл оған, әсіресе, барлығы
тапсырманы орындап және ойша әрқайсысына жақындап үлгеруіне жететіндей,
уақытты есептеуге мүмкіндік береді.
«Кӛзді ашамыз. Енді біреуіңіз қалаған қатысушыға допты лақтырып, сол
адамның қандай ерекше құнды немесе әлді жақтары бар екендігі жӛнінде айтуы
қажет. Допты қабылдап алған адам, оны келесі біреуге лақтырады да, сол
адамның әлді жақтары немесе ерекше құнды қырлары туралы айтады және
осылай әрі қарай, доп барлық қатысушыда болғанға дейін жалғасады.
Әрқайсысы ӛзінің әлді жақтары туралы білуі қажет».
Тапсырма аяқталған соң, жаттықтырушы допты, біреу туралы айтқысы
келіп, бірақ оны жасай алмаған қатысушыға допты ұсынып, қалағанын
орындауға мүмкіндік береді. Мұндай бірнеше адам болуы ықтимал.
Талқылау барысында: «Сіз ӛзіңізді енді (қазір) қалай сезінесіз?» деп
сұрауға болады және бұл жаттығуды орындау барысында пайда болатын
жағымды сезімдер мен эмоцияларды есте сақтау қажет.
Бұл сұраққа жауап берген кезде, қатысушылардың біреуі басқа біреуге
оның әлді жақтары туралы айтқанда немесе оған ӛзіне айтып жатқан кезде,
бойында пайда болған қиындықтар, қобалжулар туралы айтуы мүмкін екендігін
ескеру қажет. Мұндай жауап тереңірек, маңызды талқылауға ауысуға
шақырады. Оны (егер ол тренингтің тақырыбына сәйкес келсе, мысалы,
«Мақұлдау, жағымды кері байланыс» тақырыбы бойынша жұмыс күтіп тұрса)
арнайы шақырып, «Сіз басқаға қарап сӛйлегенде немесе сізге сӛйлегенде не
сезіндіңіз?», деп сұрауға болады.
124
Достарыңызбен бөлісу: |