Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компонент



Pdf көрінісі
бет45/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компонент 
«Қауесет» жаттығуы 
Топ шеңбер бойынша отырады. «Бұл жаттығу «Қауесет» деп аталады». 
Бізге ӛзі туралы кӛп жаңалық білгісі келетін ерікті адам қажет. Ол біз не айтып 
жатқанымызды естімеуі үшін сыртқа шығуы керек. Қатысушылардың 
әрқайсысы сол адам туралы ойындағын айтуы керек, ал мен сол 
айтылғандардың барлығын, қысқа немесе ұзақ болса да, жазып аламын. Ол 
сыртқа шыққан адам туралы сіздің сӛзіңіз, пікіріңіз немесе соған деген сіздің 
қатынасыңыз болуы мүмкін немесе тіпті басқа ӛлеңдерден немесе 
шығармалардан алынған дәйексӛздерді де келтіруге болады. Барлық 
қатысушылардың айтқандарын жинап алған соң, біз кім туралы «сӛз» болды, 
соны шақырамыз.
Оның міндеті – мен оқыған әрбір айтылған сӛзді тыңдап алып, соның 
авторын анықтауға тырысуы қажет.
Аталған жаттығуда сӛз қылатын адамды таңдау зор маңызға ие. Ол 
кездейсоқ адам болуы мүмкін емес. Жаттығудың тиімділігі үшін, сол адам
жаттықтырушының вербалды емес белгілерін қателеспей түсінуі қажет. Бұл 
жаттығудағы жаттықтырушының рӛлі, топтың әрбір жеке мүшесінің сӛйлеген 
кезіндегі бет әлпетін, кейпін, ымдарын, дауыс ырғағын, сӛзіне қосатын 
үстеулерін – осы аталғандардың барлығын есте сақтаудан тұрады. Бұл бірден 
бірнеше 
адамдарға 
икемделуді, 
олардың 
вербалды 
емес 
және 
паралингвистикалық белгілерін есте сақтап, содан кейін оларды қайта 
жаңғыртуды талап ететін, күрделі жұмыс. Ол туралы «сӛз болған» 
қатысушының міндеті, әркім ол жӛнінде не айтқанын «біліп қоюға» қисынды 
түрде тырысу емес, керісінше, жаттықтырушының мінез-құлқындағы вербалды 
емес және паралингвистикалық ӛзгерістерге жауап беруден, сонымен қатар сол 
бойынша барлық айтылған сӛздердің авторларын қателеспей анықтаудан 
тұрады.
Сыртқа шыққан қатысушы бӛлмеге қайтып оралған кезде, жаттықтырушы 
оған: «Кӛңіліңді маған, менің қалай сӛйлегеніме шоғырландыруға тырыс. 
Логикалық пайымдауларға алаңдама, үнемі осында, бізбен болуға ынталан. 
Сонда ғана сен барлығын табасың».
Жаттықтырушы алдымен ерекше дауыс ырғағымен, қимылдарымен немесе 
т.б. ерекшеленетін адамның сӛздерін келтіретін болса, жеңілірек болады. Егер 
қатысушы айтылған сӛздің авторын дұрыс табатын болса, онда ол 
қатысушылардың кӛбін шабыттандырады. Егер ол бірінші айтылған сӛздің 
авторын таба алмайтын болса, онда оған «Біртіндеп сен барлығын табасың. 
Мен қалай айтып жатқаныма жақсылап шоғырлан», деген сӛздермен келесіге 
кӛшуге болады. Әдеттегідей, бір қатысушыны тапқан соң, ойнаушы, бірінші 
айтқанынан болмаса да, барлығын дұрыс таба бастайды. Біздің тәжірибемізде 
бір ғана сәтсіз жағдай болған. Оның себебі, шешімін табушы адамның рӛліне, 
жаттығуды орындауын ӛте қалаған, бірақ сол мақсатқа ӛзі онша сай келмеген 
қатысушы таңдалып алынған.


125 
Жаттығу қатысушыларда асқан қызығушылықты қана емес, сонымен қатар 
таңдану мен абдыраушылықты да тудырады. Кӛп адамдар жаттықтырушының 
оларды «бейнелегенін» ұнатады, басқалар аралас сезімдерде болады, кейде бұл 
жағымсыз сезімдерді шақырады. Жаттығудың соңында қатысушылардан, олар 
қандай сезімдерде болғанын сұраған маңызды. Содан кейін жаттықтырушы 
ӛзінің сезімдері туралы да айтады; кӛбінесе ол ӛзі енгісі келген әрбір адамның 
бейнесіне эмоционалдық жақындық түйсігі болып табылады. Сонымен қатар
ол жаттықтырушыға басқа адамды бейнелеуде қиындық туғызған адамды 
жеткілікті түрде түсіне алмаушылық түйсігі болуы ықтимал.
Жаттығуды У.Джемс, Н. Ланге, Г.Оллпортпен, кейін Ф.Фромм-
Рейхмандарда сипатталған басқа адамдарды «кинестезиялық» түсіну 
заңдылықтарын талдауымен аяқтауға болады. Ӛзге адам мінез-құлқының 
суретін жаңғырта отырып, біз сол адам сияқты ойлап, оның сезімдеріне ұқсас 
бір нәрсені сезе бастаймыз. Сонымен қатар, Эдгар Поның «Похищенное 
письмо» әңгімесінен ұлдың мінез-құлқының сипаттамасын келтіруге болады. 
Ол бала «Жұп па, тақ па?» деген ойынында ӛз серіктестерін қателеспей түсіне 
білген және олардың әрқайсысының бет әлбетінен кӛрген кӛріністі, ӛз бетіне 
келтіруге тырысқан [258].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет