Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Рефлексиялық компонент 
Р. Ассаджиолидің «Мен кіммін» деген психосинтез техникасы 
Тыныштық жағдайы орнатылады. Шеңбер сызып, оның ішіне: «Мен 
кіммін?» деген сұрақ жазыңыз. Оны ӛзіңізге қойып, шеңберден вектор сызыңыз 
және санаңызда пайда болғанды жазыңыз. Мысалы, «Мен - ермін» немесе «Мен 
- адаммын». Бұл сұраққа түсініксіз ұғымдардан аулақ болып, бір сӛзбен ғана 
жауап беру қажет. Бұл сауалды ӛзіңізге тағы бір қойып, жауап беріңіз. Әр кезде, 
ӛзіңізден сұрағанда, сұрақты ӛз болмысыңыздың тереңіне қарай жіберіңіз, 
содан соң енжарлықпен жауап күтуге кірісіңіз. Егер қандай да бір сәтте болып 
жатқан нәрсе сіздің күлкіңізді келтіріп немесе ашуландырса, шын мәнінде ол 
сіздің кейбір бӛліктеріңіздің ӛзін солай кӛрсеткені. Олардың реакциясына 


121 
қарамастан техниканы жасай беріңіз. Біртіндеп сіз ӛзіңіздің ішіңізде бір ішкі 
қарсылық аясынан ӛтесіз және ӛз психикаңыздың ӛте терең қабаттарын аша 
аласыз. Сонымен қатар сіз «Дегенмен мен кіммін?» деген сауалды күшейте 
аласыз. Мысалы, сіз «Мен – күнәһармын» деген жауап аласыз. Сіз «Менде кім 
күнәһар» деген сұрақ қоясыз. Жауап қайтады: «Ӛтірік айтатын». «Менде кім 
ӛтірік айтады?» - «Сенімді болуға қорқатын». – «Ал кім сенімді болуға 
қорқады?» - «Бала». – «Мендегі бала кім?». Осылайша сіз ӛзіңіздің ішкі 
дүниеңізге тереңдей бересіз. Бұл жаттығу ӛзіндік сананы дамытуға және ӛзіңнің 
нақты Меніңді анықтауға мүмкіндік береді. Әр жолы, сұраққа жауап бере 
отырып, біз ішкі орталығымызға қарай беттей береміз және ӛзімізді кӛпқабатты 
пияз сияқты нәрседен тұратынымызды аңғарамыз. Сонымен қатар ол ӛзіміздің 
кӛптеген бӛліктерімізді және ӛмірде ойнауға үйренген әр түрлі рӛлдерді 
қамтиды [256].
Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компонент 
«Бӛліну белгісі» жаттығуы 
Топ шеңбер құрып отырады. «Бұл жаттығу «Бӛліну белгісі» деп аталады».
Біз қандай да бір тұлғалық қасиетті таңдап аламыз, сол бойынша топ екі бӛлікке 
бӛлінуі қажет, мысалы: кӛпшіл – тұйық, қызба – ұстамды, қатаң – жұмсақ, 
бетінен қайтпайтын – иілгіш және т.б. Бірақ біз нақты бір белгіні таңдап, 
топтарға бӛлінбес бұрын, ӛздерін жетекші рӛлінде сынап кӛргісі келетін, екі 
ерікті жетекші адамдарды таңдап алуымыз қажет. Олар бӛлмеден шығып, ӛз 
міндеттерін орындауға кӛрші бӛлмеде дайындалулары қажет.
Біз жетекшілерді бӛлмеге шақырған кезде, мұнда белгілі бір тұлғалық 
қасиеттермен ерекшеленетін, адамдардың екі тобы отырады. Жетекшілердің 
міндеті –он минуттың ішінде қандай белгілер бойынша біздің бӛлінгендігімізді 
анықтау үшін, әрбір топ бӛлігіне тапсырмалар береді. Мысалы, барлығына 
қандай да бір қимыл жаттығуын, бір сұраққа жауап беруді, қандай да бір 
ӛмірлік жағдайда ӛз реакциясын кӛрсетуді және т.б. әрбір топ бӛлігіне 
ұсынады. Жетекшілердің біреуі ӛзіне кӛбінесе әрекет үшін жауапкершілікті, 
екіншісі – бақылауды алуы мүмкін. Бақылаушының рӛлі тіпті маңыздырақ, 
себебі топ бӛліктерінің тапсырмаларды дәл және сапалы орындауы мәнді емес, 
олардың реакцияларының айырмашылықтары бойынша бӛліну белгісін 
анықтау қажет.
Жетекшілерде дайындық үшін жеті минуттай уақыт болады, ал әзірше олар 
жұмыс жоспарын дайындағанша, біз психологиялық зеректік тренингін 
жалғастырамыз».
Жетекшілер кеткен соң қалған қатысушыларға қосымша нұсқаулық 
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет