Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компонент



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компонент 
«Мәселе» жаттығуы.
Қатысушылар жұпқа бӛлінеді. «Қазір серіктестердің әрқайсысы кезекпен 
қандай да бір ӛзінің мәселесі туралы айтады. Екіншісінің міндеті – қарым-
қатынастың тек белгілі тәсілдерін (үнсіз тыңдау, нақтылау, қайта айту, 
әңгімелесушінің ойын ары қарай дамыту) қолдана отырып, мәселенің мән-
жайын ұғынып, басын ашуға тырысу».
Жаттығу орта есеппен 30 минутқа арналған. Мінез-құлықтың 
объективтілігін күшейту үшін және соның салдарынан жаттығу тиімділігін 
жетілдіру үшін тыңдаушы қатысушыға, нұсқаулықта аталған тәсілдердің 
атаулары жазылған карточкалар беруге болады. Әр жолы, әңгімені бастамас 
бұрын, ӛзі қолданғалы жатқан тәсілдің атауы жазылған карточканы таңдап 
алып, ӛз серіктесіне кӛрсетуі қажет.
Жаттығуды «үштікте» ӛткізуге болады. Бұл жағдайда екеуі, жоғарыда 
кӛрсетілгендей әңгімелеседі, ал үшіншісі «бақылаушы» рӛлінде болады, оның 
міндеті – жұптың бірінші қатысушысы (яғни ӛз мәселесі туралы айтатын адам)
айтып болған соң, екінші қатысушыға, ол серіктесіне жауап беруі барысында, 
қолдануы қажет тәсілдің атауы жазылған карточканы кӛрсету.
Талқылау барысында топқа: «Әңгіме барысында сіздерде қандай сезімдер 
пайда болды?», «Қандай тәсілдерді сіз жиі қолдандыңыз, қайсыларын сирек?», 
«Қандай тәсілдерді қолданғанда сіз қиналдыңыз?», «Тәсілдерді пайдаланғандық 
сізге не берді?», деп сұрауға болады. 
Сонымен, бұл жаттығу қатысушыларға, басқа адамдарды олар қалай 
тыңдай алатындығы, соның барысында қандай қателіктер және оларды неліктен 
жіберетіндерін сезініп, талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жаттығу 
тыңдай алу қабілетін жаттықтыруға кӛмектеседі.
Эмоционалдық компонент 
«Досымызға кӛмектесеміз» жаттығуы 
Барлық қатысушылар шеңбер бойнша отырады. «Қазір бізге мұңды 
жағдайдағы Мақсаттың кӛңіл күйін ӛзгерту, деген міндетті шешу қажет. Ол 
ренжулі және бізбен сӛйлесуге зауқы жоқ. (Жаттықтырушы алдын ала 
Мақсатпен, оның жаттығуға қатысуы туралы келіседі). Біз Мақсатқа әңгіме 
немесе жағымды бір нәрселер және т.б. айта аламыз».
Бұл 
жағдайда 
барлық 
топтың 
күш-жігері 
бір 
қатысушыға 
шоғырланғандықтан, оның кӛңіл күйі жылдам ӛзгереді. Талқылау барысында 
Мақсаттың кӛңіл күйін ӛзгертуге барынша кӛп әсер еткен сӛздерге, әрекеттерге, 
сонымен қатар ол үшін жағымсыз немесе немқұрайлы болған нәрселерге назар 
аударылады.


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет