Эмоционалды көңіл-күй етістіктері. Ғалым Л.М.Васильевтің пікірінше, эмоционалды көңіл-күй етістіктері түрлі эмоцоиналды көңіл-күйді, әрі олардың сыртқы көрінісін, бейнеленуін білдіреді.
Осы мағыналық топпен ұқсас эмоционалды күйзеліс етістіктерінен басты айырмашылығы, олардың семантикалық құрылым мен синтаксистік сипаты белгілі бір эмоционалды көңіл-күйді көрсетуінде.Ғалым бұл топқа мынадай етістіктерді жатқызады: волноваться, сердиться, грустить,расстраиваться, печалиться, скучать, тосковать, горевать, скорбеть, убиваться, вздыхать, огорчиться, унывать, отчаиваться, тешиться, восторгться, восхищаться, обрадоваться, тревожиться, заботиться, нервничать,психовать, бушевать, веселиться, развеселиться [47,67]. Біз бұл мағыналық топты «эмоционалды көңіл-күй етістіктері» деп атадық. Бұл топқа мынадай етістктерді жатқызуға болады: қуану, жадырау, масайрау, мәз болу, ашулану, ашу шақыру, шамдану, ашуынан қайту, қатулану, қабақ шыту, буырқану, ызалану, шатынау, мұңаю, күйіну, опыну, абыржу, қысылу, сасу, қобалжу, таңырқау, таңғалу, тамсану, аузын ашып қалу, жүрегі елжіреу.
Ә. Тарази шығармасында бұндай етістіктер кездеседі. Мысалы: Жанәлидің келгеніне қуанғаны сонша, Сәрсенбай оның алдына тізерлеп отыра кетті. Сол үлкен арманның кішкентай нышанын байқап, іштей қуанып тұрса да, тіл-көзден аман болайық дегендей қабағын шытты. Әңгіменің басқа арнаға ауғанына Жанәли де қуанып қалған, Шараның жақында босанғанын жаңалық қылып айтып, нәрестенің атын Шыңғыс қойғанын айтып, емін-еркін көсіле сөйлеп, күле түсіп жадырап қалды. Іштей масайрады. Партиялық билетіңе қатер төнбегеніне мәз болып жүріп жатқан шығарсың. Мен болсам, бекер шамданып, бекер ашуланыппын. Бір сәт ашу шақырғысы да келіп! Бірақ табиғатынан сабырлы жан ашулана алмады. Машина ішінде лық толы жұртпен итерісіп,күйініп тұрғанда қарындасына деген қаты ашуынан қайтты. Ұлжан өтірік қатуланып, өтірік қабақ шытты, өтірік саусағын шошайтты. – Ол итті мен ертең атып тастаймын! – деді, дастарқан басында қатты буырқанды. Қыз ызалана күлді. Жұқа өңінің тек жартысын жасырғандай, көзілдірік киіп отырған Лима қос жанары шатынап, орнынан үрке көтерілді. Арасанбай көздері шатынап. Лима мұңайып төмен қарады. Пәк көзімді лас басайын деген екен деп күйінді. Оқушы қыздарға сыр бермесе де, Лима қатты күйінген. Енді ол өлетініне опынбады, енді ол өле алмағанына опынды. Лиманы жұбатып тұрған қыздар қатты абыржыды. Бұл өзі де қысылып қалған. Қыз қысылып қалды. Екі әйел кіріп келгенде, Түнғатар қатты састы. Көпшілік алдына шығатын арыстандай қобалжып, класына кіре бергені сол екен. Оғаш сөз естігендей Лима Сәрсенбайдың жүзіне таңырқай қараған. Онда бұл таңырқап еді. «Мынау бұлт па, су ма?» деп таңырқайды Лима. Анау мұның бетіне таңырқай қарап, тесіліп тұр. Бұл оның алғаш таңырқап таңғалғаны еді. Қызыл көз Сары жігіт Лиманы әлі талай таңғалтар. Бүгінгі мына қылығы мұны қатты таңғалтты. Тез көне кеткеніне өзі таңғалды. ... Мына сұмдық хабарды естігенде, сең соққан балықтай аузын ашып тұрып қалған. -Осы бойдағымызды аман-есен үйлендіріп алсақ, аяғына тұсау салып, ел қатарына қоспасақ! – деп тамсанып отырғандары. Сәлима дегенде жүрегі ерекше елжіреп, іш тартып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |