Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе



бет2/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
алпысбаева акмарал

3. ГОСТ 7.5 – 98. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспа. Жарияланған мақалалардың рәсімделуі.
4. ГOCT 7.9 – 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар ен аннотация. Жалпы талап.
5. ГОСТ 7.32 – 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.


АНЫҚТАМАЛАР
ХИКАЯ-Хикая(араб.: روى‎ - әңгімелеу) - шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая - повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз. ауызша тарап, фольклорлық сипаталған Xикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі "хикаят" делінеді.

ПОВЕСТЬ- эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.


КЕЙІПКЕР-көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді.


ЛЕКСИКА- тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады.


ЕТІСТІК- -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.


ОҚИҒА- қалыпты өмір ағымындағы өзгеріс, санаға сілкініс әкелетін жәйт; құбылыстың, әрекеттің өту барысы.


СТИЛИСТИКА- тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы.


МОРФОЛОГИЯ- дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

СИНТАКСИС- сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет