5. Есте сақтау етістіктері. Ғалым Л.М.Василеьевтің пікірінше, «Етістіктің бұл тобы «помнить, запомнить, забывать, вспоминать» сяқты ядролы сөздердің төңірегінде топтасады. Қандай да болсын ақпараттың санамызда сақталуын немесе жоғалуын білдіреді. Олар білу етістіктерімен тығыз байланысты. Қандай да болсын білімнің санамызда сақталған білім ретіндегі бір нәрсені есте сақтауға, еске түсіруге және ұмытуға болады». Бұл топқа мынадай етістіктерді топтастырады: помнить, запомнить, забывать, вспоминать, упоминать, поминать, напоминать [45,65]. Біз жұмысымызда бұл топты «Есте сақтау етістіктері» деп атап, оған мынадай етістіктерді жатқыздық: есіне, түсу, есіне алу, жадында сақтау, ұмыту, ескеру. Айтылған ойымызды дәлелдейік: – Мен сен қызға бүгін кітап та оқытпаймын!- дегені есіне түсті. Қасқатайын Лима бірінші рет жек көріп, ызалана еске алды. Сол жағдайды Ұлжан бүгін үш-төрт мәрте еске алды. Орыс сөздерінің мағынасын түсінбесе де бұлардың жадында өмір бойы сақталады. Бірақ өзінің жаңа түскен келін екені есіне түсті. Үнсіз қалғанына екеуі де қысылған жоқ, осылай отыру заңды сияқты, екеуі де өз ойымен өзі болып, басқа әлемді ұмытқан «Тек жүрсең, тоқ жүресің, домаланып көп жүресің» деп Нұрали ағасының айта беретін мақалы есіне түсті. Бұрынғы жерінде сыйыспай келген жігіт екен деп ескертіп еді-ау. Алты перзентін еске алып шалқып отыратын бір сәттерінде Пірәли қарт: Мәрзия қызым – Нұрәлидің бәсіресі, Лима қызым – Жанәлидің бәсіресі. Сонымен келетірген дәлелдермізден байқағанымыздай, Ә. Тарази шығармасында бұл мағыналық топқа жататын етістіктер жиірек кездеседі.
Көңіл-күй етістіктері қазақ тіл білімінде әлі күнге дейін арнайы зерттелінбеген. Зерттеу еңбектерде бұл топқа қатысты ортақ пікір жоқ және олардың лексика-семантикалық қасиеті толық зерттелмеген. Ал көңіл-күй етістіктерінің тобы күрделі және көп, олар тілде өте үлкен орын алады.
Қазақ тіл білімінде семантикалық талдауға арналған алғашқы еңбек М. Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» деген еңбегі екені белгілі. Бұ еңбекке дейін тек кейбір авторлардың айтқан пікірлері, оқулықтарда берілген қысқа түсініктері ғана болған. Мәселен, қазақ тіліндегі етістіктердің аффиксальдық құрылымын зерттеген ғалым Б.Б.Құлмамбетова түбір етістіктерді (первообразных) 6 семантикалық топқа бөліп қарастыруды ұсынады да семантикалық топтың екінші тобына адамның ойлауы мен көңіл-күй (сезімін) білдіретін етістіктерді жатқызады. И.Е.Маманов етістіктерді мағыналық белгісіне қарай 8 топқа жіктеп, көңіл-күйді білдіретін етістіктерге: қайғыру, мұңаю, қуану, ренжу, күлу,жылау, ашулану, қызғану етістіктерін топтастырады .Бұл жерде айта кететін жайт «көңіл-күйді білдіретін етістіктер» терминін тұңғыш рет осылайша қолданған ғалым И.Е.Маманов болып табылады. «Современный казахский язык» деген еңбекте көңіл-күй етістіктерін қалып-күй етістіктері (глаголы со значением состояния: қуан, жыла, күйін) құрамында қарастырған. Ал, «Қазақ тілінің грамматикасында» іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан көңіл –күйді білдіретін етістіктерді субьектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер құрамына жатқызады. Мысалы, қуан, қайғыр, ренжі, уан; [46,66]. А.Ысқақов етістіктің жалпы сипатын сөз ете келе оқулығында көңіл-күй етістіктеріне: жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан етістіктерін жатқызады. Ғалым А.Ә.Османова көңіл-күй етістіктерін семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай кіші топтарға бөледі: 1) таңдану; 2) қуану, шаттану; 3) қайғыру (семантикалық жағынан қуану, шаттану, етістіктеріне қайшы мәндес); 4) ренжу, қапа болу [46,66].
М.Оразов «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» деген еңбегінде көңіл-күй етістіктерін адамның психикалық қалпына, өзгерісіне байланысты болатындығын айтып, оларды іштей екі топқа бөлген. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |