ә) Эмоционалды күйзеліс етістіктері. Бұл топтағы етістіктер өзінің семантикасы мен формальды сипаты жағынан алғашқа топ етістіктеріне ұқсас. Эмоционалды көңіл-күй етістіктерінен айырмашылығы тек қана басқа мағынамен ерекшеленуінде, себебі, етістікті аспект ретінде эмоционалды көңіл-күй емес, эмоционалды күйзеліс процесі назар аудартады.
Ғалым бұл топқа мынадай етістіктерді жатқызады: чувствовать, прочувствовать, сопереживать, терпеть, терпеть испытания, стерпивать, перносить, сносить, проглатывать, досождать, надоедать, докучать, отстаивать, отвязываться, приставать, прилипать, прицепляться, мучиться, страдать, измучиваться, замучиваться, наслаждаться, нежиться, томиться, ласкать, лелеять, развлекать, забавлять, обижать,оскорблять, унижать, принижать, разочаровываться, опосаться, бояться, труяить, страшиться, испытывать опасение, стыдиться, совеститься [48,68].
Зерттеу жұмысымызда бұл иағыналық топты «эмоционалды күйзеліс етістіктері» деп атап, оған мынадай етістіктерді жатқызамыз: сезіну (сезу-контекске байланысты қолданылады), күйзелу, шыдау, төзу, зорлау, қорлау, қиналу, ренжу, қорқу, шошу, үрку, ұялу, қаймығу, наздану, еркелеу, мәпелеу.
Бұндай етістіктер Ә. Таразидің романында да ұшырасады. Мысалы: Арасанбайдың оған деген бұқпа сырын қыз көкірегі сезеді. Жүрегінің басында тас болып қатып қалған әлдебір ауыр зілдің барын ғана сезінді. «Жер ауған емей немене!» - деп іштей күйзеліп қойды. Шыдайсың, тырп етпейсің, одан әрі не істейтінімді жазда келегенде айтамын! Алғашқы сабағында ызаға буығып, айқайлап жіберуге шақ қалып, бұл да әрең шыдаған. Өзін-өзі зорлап, төзе берді, шыдай берді. Өзіңді-өзің зорласаң да ішіп қой, жіпсіп терлейсің. Бұл өзін-өзі қорлап, Арасанбайды ылғи ақтайтын. Менде тәлімгерлік қасиет жоқ, мектепті таста, шәкірттерді қорлама. Жүрер күні қарындасын оңаша бөмеге шақырып, қинала отырып, өзінше аға болып ақылын айтты. Лима түсінде ояна алмай қиналды. Мұғалімді ренжітіп, ар қайда сендерде өй, өңкей. Күзде келе алмағаныма ренжіме. Мен өз ағамнан ғана қорқамын. Лиманың денесі дір етіп шошып кеткен. Қарындасының сондай бір көздерінен шошынатын. Шара есік аша беріп мұның жүзіне үрке , шошына қарады. Лима орнынан үрке көтерілі. Мына қайным ішімдікке салынып, бұзылып кете ме деп қорқушы едім, сенен ұялама қалай, көп сандалысты қойды ғой, өзіне ақыл кіріп келеді!- деп қалжыңдай күлген. Сәрсенбай мен Ұлжанға тік қарай алмай, ұялып, ұяң отырды. Қыз қысылып қалды, екі беті ду еткенін сезді, ұялғанда көзі жасаурап кететін. Бірақ ол көшеге шығуға ұялып, жұрт көзіне көрінуге қаймығып, сол үшін үйден шықпады. Лима енді сықылықтап наздана күліп, қылымси қалыпты. - Сен бұзықсың! – дейді Лима назданып, еркелеп. Енді міне, сол Сәлима, сол өзі еркелетіп Лима атап кеткен бауыры туралы мына сұмдық хабарды естіген. Бұл үйдің адамдары Лиманы аса бір қадірілі қонағындай алақанға салып, мәпелеп күтті.
Автордың қолданысында эмоционалды күйзеліс етістіктерімен мағыналас етістіктер де кездесіп отырады. Мысалы: Лима өзін-өзі қанша кемірді, өзін-өзі зорлап табыт-тезге салмады ма. «Бәрі дұрыс, осылай болғаны жөн» деп бір сәт өзін-өзі жұбатса, ол өзін-өзі кеміріп жүргені. Бірақ Лима өзін-өзі ұстай білді, өзін-өзі тежей білді. Өз жанын өзі мүжи бастады. Күңіреніп, өзін-өзі қажаумен болды. Тағы да өзін тұқыртып, тағы да жаны жай тауып қалды. Өзін -өзі қайрап та көрген. Бірақ өзін-өзі тежеп те үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |