Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Индивидуал қарым-қатынасты білдіретін сөйлеу етістіктері



бет21/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
алпысбаева акмарал

Индивидуал қарым-қатынасты білдіретін сөйлеу етістіктері: жалыну, жалбарыну, сұрану, тілеу, тілек білдіру, мінәжат ету, бұйыру, өкім ету, әмір қылу, насихат ету, кеңес беру. Мысалы: –Тәте, тәтетай, сабаққа жүріңіз! – деп жалынды. Лимаға бұл жалынатын, жалбарынатын, жағымпазданатын. Бәрі де Күләйға жағынғаны, Күләй арқылы мектеп директорына жағынғаны. Әр сөзін үзіп-созып гүж-гүж етіп, өзінше аға болып ақыл айтты. – Ал, бата бер! – деді Сәрсенбай. Сабамасам сөгіс аламын, партиялық сөгіс аламын. - Әй, ағатай, рұқсат етші, сенің құрметіңе ат шаптырып той жасайын! – деп жалынды. Жетіп келді де, тағы да бұйыра сөйледі. Түнғатарға қатаң сөгіс жариялап жіберген.

  • Бейнелік мәнді сөйлеу етістіктері: оттау, міңгірлеу, аузынан ақ ит кіріп көк ит шығу, көбік ауыздану, былшылдау, бөсу, шіңкілдеу, сыпсыңдау. Мысалы: Мына біздің алдымызда, советтік тәлімгерлер алдында не деп оттап тұрсың, ей? Мұқият қырқылған қоңырқай реңі ұяттан қызарғаны болар, сәл төмне қарап міңгір етті. Қараспан әулеті дәрі ішрейді деп әкесі бөсіп сөйлеп отыратын. Аудан орталығындағы үйім деп бөсіп отырғаны. Ташкенттегі бәленше деген артист досым деп көсіліп отырғаны. Немересінің атын Шыңғыс қойғанын айтып, емін-еркін көсіле сөйлеп, күле түсіп жадырап қалды. Не айтып, не қойғанын білмей, бажылдай берді. – Міне, міне, сіз, Досболова жолдас, ылғи осылай шаңқылдап сөйлейсіз. Орташа оқитын балалардың санын азайтыңдар деп қақасап отырғаны. «Тым мылжыңдап кеттім-ау» деп қыз өзін-өзі жазғырды. Сәрсенбай сол інісіне қарады, сарғыш көздерін ежірейте, жеки сөйледі. Жиын-тойларда әлдекімдермен ұстасып қалып, жанжал шығаратыны да белгілі. Сатылған мен мал емеспін ғой, мен бұйым емеспін ғой!- деп айғай салды.

    Қорытындылай келгенде, сөйлеу етістіктерінің сұрау-жауап мәнді және индивидуал қарым-қатынасты білдіретін сөйлеу етістіктері сөйлеу етістіктерінің өзге мағыналық топтарына қарағанада сирек қолданылса, ал қалғандарының жиі кездесетіндігі байқалады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет