Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Ойлау процесін білдіретін етістіктер



бет28/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
алпысбаева акмарал

1. Ойлау процесін білдіретін етістіктер. Ғалым Л.М.Васильевтің пікірінше, ойлау процесін түрлі аспектіде білдіретін және осы процестермен қатар сананың ерікті актісі «ойлау процесін іске асыру» мағынасы арқылы топтасады. Оған мына етістіктерді жатқызады: мыслить, думать, размышлять, мудрствовать, рассуждать, раздумывать, думу думать, мозговать, кумекать, соображать, вдумываться, вникать, мечтать, грезить, задумываться выдумывать, сочинять, фонтазировать. Ғалым ойлаудың обьектіге бағытталу, бағытталмауына байланысты оларды іштей мақсатты және мақсатсыз деп екіге бөлген. Ал, біз бұл топтағы етістіктерді «ойлау процесін білдіретін етістіктер» деп атап, оған мына етістіктерді жатқызамыз: ойлау ойлану, толғану, қайшы мәнді есінен адасу, шалықтау. Мәселен, Ә. Тарази шығармасында бұл мағыналық топтағы етістіктер кездеседі. Мысалы: Құдайдың құтты күні Лима жүз ойланып, мың толғанады. Е, мынау, менің түсім екен ғой, - деп ойлады түсінде, - түсі болғаны жақсы болды. Лақтырдым деп ойлады. Соңғы сөздерім артық болды-ау деп ойлады. Лима күлді, бекер күлдім деп ойлады. Сені көрем деп кім ойлапты. Бірақ үй иелерімен тату өмір сүру қажет екенін ойлап, тілін тістеп қалған. Неліктен екен деп ойлады. «Русланның қоңырау соққаны қандай жақсы болды», - деп ойлайды. Адамның түсіне не болса, сол кіреді, - деп қынжыла ойлады Лима. Түнғатар әр сабағына кірердің алдында қатты толғанады екен. Келініміз есінен адасқан, шалықтаған деп түйді. Сен мені құрттың, мен енді есімнен адастым! – дейді. Сонымен, жазушы шығармасының тілінде бұл мағыналық топтағы етістіктер жиі кездесіп отыратыны байқалады. 2. Ойлау актісінің нәтижесін білдіретін етістіктер. Л.М.Васильев: «Глаголы с общим значением иметь в сознании какие-либо результаты мышления», - деген анықтама береді. Демек, ғалымның пікірінше, «ойлау процесінің, актісінің нәтижесін білдіретін етістіктер санамызда қандай да болсын ойлау нәтижесін білдіреді ». Бұл топқа мына етістіктер тірек болады: представлять, пологать, предполагать [41,61]. Ал, біз бұл лексика-семанткалық топты «ойлау актісінің нәтижесін білдіретін етістіктер» деп атадық. а) Елестеу, елес мәнді етістіктер. Ғалым «Итогом элементарных процессов мышления, результатом, так сказать, первого этапа переработки ощущений и восприятий в нашем сознании являются представления» деген анықтама береді. Бұл топ сан процесінде түйсіну мен қабылдау және түсіну арасындағы аралықта орналасқан. Сондықтан елестеу, елес етістіктері семантикасы жағынан сезіммен және интеллектуалды іс-әрекетпен тығыз байланысты. «Елестеу» (представлять) бұл топтың ядросы, ал «представлять что-л., иметь представление что-л., воображать, мыслить (рисовать), схематизировать, идеализировать, поэтизировать, созерцать, грезить, бредить, видеть во сне, мечтать, мерещиться, фантазировать» елестеу етістігінен тараған.
Ал, біз бұл топты «Елестеу, елес етістіктері» деп атап, оның ядросын «елестеу» етістігі деп алып, оған елестеу, түсінде көру, армандау, көксеу етістіктерін жатқызамыз. Мысалы: Қаумалап, қаптап кеткен ойлар да Лима үшін сол періштедей елестеді. Бүгін де Лима Қасқатайды түсінде анық көрді. Аудандағы он сегіз орта мектептің ең озығы атануды кәдімгідей көксейді, кәдімгідей армандайды. Ә. Тарази шығармасыда бұндай етістіктер ұшырасып отырады. Бұл мағыналық топтағы етістіктер өте сирек қолданлғандығы назар аудартады. ә) Болжау мәнді етістіктер. Ғалым Л.М.Васильев: «Семантическая парадигма, идентифицируемая значением полагать, включает синонимические группы с опорными словами «полагать (считать), признавать, предполагать». Семантическим ядром которых является инвариантное значение «иметь мнение» (ср. устар. мнить)»,- деп түсіндіреді.
Ғалымның пікірінше, «бір нәрсе жайында өзінің ойлануының нәтижесінде қандай да болсын пікірдің болуы, оның мағына төңірегінде полагать, считать, ставить, думать, судить сияқты етістіктері топтасады». Сонымен қатар бұл мағыналық топқа мынадай етістіктерді жатқызады: признавать, предполагать, предпочитать, ценить, дорожить, осуждать, винить, оьбвинять, каяться, раскаяться.
Ал қазақ тілінде бұл етістіктерді «Болжау мәнді етістіктер» деп атап, оған мына етістіктерді жатқызуға болады: санау, есептеу, жору, өкіну, жазғыру, кінәлау. Мысалы: Мен өзімді өзім ұстаз санаймын, бірақ адамдарды білмеймін, ұқпаймын, менің жаным соқыр. Жарайды, бұл жағынан кемшілігің көп-ақ болсын делік, соның бәрін, бәрін бір төбе деп есептегенде, бұл пақырдың, бұл дүниеге, жарық дүниеге алты бірдей перзент әкелгенінің өзі жетіп жатқан жоқ па! Оныншы класқа өткен жылдан бастап мен өзімді осы бар әлемнің тұтқасындай санаппын. «Тым мылжыңдап кеттім-ау» қыз өзін-өзі жазғырды. Ұзақ сөйледі, жазғырып, кіналап сөйледі. Тіпті балалықтың белгіс ме деп те жорыған. Таң сәріде көрген түс түлкінің тезегі емес, аян болар деп жорыды. Анау екеуінің ұсқындарына аңдап қарады. Мүмкін, менікі асылық шығар, бекер жала жауып жатқан шығармын. Мынадай директор балған соң, ешкім тексере қоймас, ешкім мұның не деп кінә таға алмас.
Қорыта айтқанда Ә. Тарази шығармасында болжау мәнді етістіктер елестеу, елес мәнді етістіктермен салыстырғанда жиі кездесетіндігі байқалады. б) Шешім мәнді етістіктер. Ғалым Л.М.Васильвтің пікірінше, қандай да болсын ниеттің ойлау процесінің барысында қалыптасу актісін білдіретін етістіктер «решать» (шешу) етістігі төңірегінде топтасады. Оларға мына етістіктерді жатқызады: решать, принимать решение, недумывать, постановлять, отчаиваться, договариваться, сговариться, уговаривать, передумать, перерешать, принимать резолюцию [42,62].
Ал, қазақ тіліде бұл топты «Шешім мәнді етістіктер» деп атап, Бұл топқа: шешу, бекіну, уәделесу, келісу, түю (контекске байланысты), тұжырымға келу етістіктерін жатқызамыз. Мысалы: Пірәли қарт төс түйістіріп, құда болуға уәделесті. Бұл келісті. Кеше мектеп ауласының алдында Арасанбай екеуінің кідіріп қалған сәтін бұл кісі көрмеді ме! Көрген. Демек, өзінше түйген. Сөйтсе жақсы болар еді деген тұжырымға келген. Солай деп шешіп, үйіне қарай қайта бұрылған. Сот болып жатқан үйге қарай тұра жүгірем, сот болып жатқан залға лаулаған қалпымда кіріп барам деп бекінген. Сонымен бұл мағыналық топтағы етістіктер де Ә. Тарази шығармасында айтарлықтай дәрежеде актив қолданылып отырған жоқ. в) Сену мәнді етістіктер. Ғалым Л.М.Васильев пікірінше, бұл мағыналық топтағы «сену» ядролық мәнді етістігінің мағынасы «бір нәрсенің шындыққа жанасымды болуы; біреуге сену; біреуге немесе бір нәрсеге сенімді болу; құдайға сену». Ғалым бұл топқа мына етістіктерді жатқызады: верить, веровать, убеждаться, уверяться, удостовериться, разуверяться, разубеждаться, терять веру, переубеждаться, сомневаться, испытвать (чувствовать) сомнение, надеяться, доверять. Ал, қазақ тілінде бұл топты «Сену мәнді етістіктері» деп атауды жөн көрдік, оған мынадай етістіктерді жатқыздық: сену, илану, үміттену, көзі жету, күдіктену, күмәндану, дүдәмалдану, толқу. Мысалы: Ағасы мен жеңгесі мұның сөзіне сенді. Мысалы, «өтірік айтасың» деген сөз «мен саған сенемін» деген мағынаны білдіреді. Жеңешеме айтсам, ұрсып, ақылын айтып, тоқтатар!- деп үміттенген. Әйтпесе оның ойынша сыпайы жігіт емес екеніне көзі жеткен. Өңінде де Лима ылғи күдіктенген. Осы менің әппақ қайнымның мінезі қатты, семьяға жайсыз бола ма деп күдіктеніп жүруші едім. Толқыма, күмәнданба. Осы мен тірімін бе, осы мен түс көріп жатқан жоқпын ба, осы менің тірлігім ғана емес пе? – деп бір дүдәмалданса. Жұмыстан басқа ештеңеде шаруасы жоқ дейсің, онда ойланба, күмәнданба, қайтсең де үйленіп ал, бақытты боласың. Айтқан сөзге иланып, түзелейік деудің орнына мені аластап тынғылары келеді. Сонымен, Ә. Тарази шығармасында алдынғы топтарға қарағанда сену мәнді етістіктері жиі кезлдесетіндігі байқалады. г) Түсіну мәнді етістіктері. Л.М.Васильевтің пікірінше, «Глаголы понимания (в широком смысле) включают в свой состав общирный круг слов, группирующихся вокруг доминанта понимать, постигать, выяснять, обьяснять; а так же их антонимов, конверсивов и дериватов» Инварианттылық мағынасы бойынша бұл етістіктер «айқын не дұрыс көзқарас, пікір, ой, елестің болуын» білдіреді. Бұл мағыналық топқа ғалым мынадай етістіктерді жатқызады: понимать, сознавать, постигать, выяснять, обьяснять, вразумлять, толковать, разяснять, уяснять, открываться, комментировать [43,63].
Біз бұл топты «Түсіну мәнді етістіктері» деп атап, оған түсіну, сезу (контекске байланысты), ұғу, аңғару, ұқтыру етістіктерін жатқыздық. Енді тілдік деректермен дәлелдейік. Мысалы: Жанәли жан-жағына қарады, вокзал алдындағы алаңда отырғанын түсінді. – Түсінемін,.. – деп Лима мұңайып төмен қарады. Ұлжан күйеуінің не айтқысы келгенін түсінді. Бұған арнап діттеген көкейінде бір айтпағы барын Лима түсінді. Үлкен шоқайын тырп-тырп басып келіп Ұлжан шайға шақырғанда сағат жеті болғанын Лима түсінді. Лима санасымен сезді. Ұлжанның көкейіндегі көмбесін сезді. Лима кейін ұқты. Лима түсінді. Араснбайдың неге сонша күйініп тұрғанын, бұл сөздерді айту оған қаншаықты қиынға түскенін ұқты. Сонда өзінің анау қыздан қаншалықты төмен, соншалықты қор екенін Арасанбай аңғарған. Сол әңгіме үстінде ағасы тағы да бір сырды жұқалап ұқтырған. Демек, Ә. Тарази шығармасының тілінде сену мәнді етістіктері келтірілген дәлелдер арқылы жиі ұшырасып, актив қолданылған. ғ) Қателесу мәнді етістіктер. Ғалым Л.М.Васильев «Қате (теріс) ойлау, түсіну (бір нәрсе, бір нәрсе жайында қате түсінігінің, ойының, пікірінің, көзқарасының болуын) мағынасы бойынша «ошибаться (қателесу), заблуждаться (адасу), допускать ошибку (қате жіберу) (ойында, көзқарасында, пікірінде)» сияқты етістіктерін төңірегінде топтайды». Оған мынадай етістіктерді жатқызады: ошибаться,заблуждаться, допускать ошибку, обманывать. Біз қазақ тіліндегі осындай мәндес етістіктерді «қателесу мәнді етістіктер» деп атап, оған жаңылу, шатасу, Алдану, көзіне шөп салу етістіктерін жатқыздық. Мысалы: Сол Лима бүгін сөзінен жаңыла берді. Өз ойынан өзі шатасып, қыз мөлшиіп ұзақ отырсын. «Қасқатайдың әлгі күлкісі тегін емес, ол мені алдаған, ол мені мазақтаған, ол мені ермек еткен!» Менен қандай жамандық көрдің, неге менің көзіме шөп саласың! Сонымен, жазушы шығармасында бұл мағыналық топтағы етістіктер бірлі-жарым жағдайда кездескен. 3. Дерексіз ойлау етістіктері. Ғалым И.Лозенко неміс тіліндегі ойлау сөзінің үш түрін көрсететіндігі белгілі. Ойлау етістіктерінің бір түрі болып табылатын - дерексіз ойлау (отвлеченное мышление) етістігі. Біз ғалымның «дерексіз ойлау етістігін» өз алдына жеке топ ретінде бөліп алып, қазақ тіліндегі ойлау етістіктерін саралап, осы топқа жинақтадық.И.Лозенконың пікірінше, «Дерексіз ойлау – адам ойлау іс-әрекетінің процесінің барысында айнала қоршаған ортаны, болмысты тәжірибелі зерттеуге сүйенбейді. Ойлау мәселесінің, міндетінің шешімін басынан аяғына дейін өз ақылынан іздейді».
Ғалым дерексіз ойлау етістігінің екі түрін көрсетеді. Бірінші түрі – «ойлану» мағынасын білдірсе, екінші түрі – ғылыми ойлау процесімен сипатталады және «логикалық абстракциялармен, категориялармен операциялау» мағынасын білдіреді. Бұл топқа енетін барлық етістіктері ойлау процесінің түрлі кезеңдерімен сипатталады: анализ, синтез, жалпылау. Ғалым бұл топқа мынадай етістіктерді жатқызады: ассоцировать, систематизировать, классицироавть, синтезировать, типизировать, анализировать [44,64].
Біз бұл топтағы етістіктерді «Дерексіз ойлау етістіктері» деп атап, оған мына етістіктерді енгіздік: саралау, жүйелеу, түю, есеп беру, қорытынды жасау, түйін түю, тұжырымдау, талқылау. Енді тілдік деректермен дәлелдейік: «Сөйткен Лима!» - деп ойлады Арасанбай, пікірін одан әрі саралап, жүйелеп жалғастыра алмады. Не мақастпен бардым, не тындырып оралдым деп өзіне де, өзгеге де есеп беріп жатпайды. Лима жақсы, ағамның үй салғаны жақсы, сол үйге Лиманы қондырсақ жақсы деп түйді. Бұл семьяның адамдары «қарапайым, асыл жандар» деп түйем. Көрген, білгенін ол еш уақытта қорытынды жасап, түйін түйе алмаған. – Сонымен, - деп бұл үйдің адамдары туралы өз пікірін тұжырымдай бастады. Көп кешікпей «Қызылжиде оқиғасы» деп айдар тағылған мәселе облыстық барлық мектептерде талқыланып, ондай бассыздыққа, ондай саяси соқырлыққа жол бермеудің шаралары белгіленіп жатты.
Қорыта айтқанда, бұл мағыналық топ зерттелмеген тақырыптардың бірі болғандықтан, Ә. Тарази шығармасында дерексіз ойлау етістіктерін айтарлықтай дәрежеде кездестіре алмадық. 4. Білу етістіктері. Ғалым Л.М.Васильевтің пікірінше, «Білім немесе білу етістіктері адамның ойлау, сезіну, ерікті іс-әрекетінің нәтижесін немесе бұндай іс-әрекет барысында білім алуын білдіреді». Ғалым бұл топқа мына етістіктерді жатқызады: знать, обладать знаниями, познавать, узнавать, ознакомиться, познакомиться с чем-л., читать, разбирать, писать, считать, суметь, усваивать, воспринимать, учиться, осваивать, упражняться, учить, выучить, научить. Ал, біз бұл топты «Білім немесе білу етістіктері» деп атап, оған мынадай етістіктерді жатқыздық: білу, қабылдау, тану, пысықтау, оқу, оқыту, жаттау, үйрету, қарастыру. Мысалы: Сәрсенбай төрт ағайынды, екі ұл, екі қыз екенін Лима білетін. Пірәли балалары шамщыл, намысқой деген жұрт арасына кеткен сөз бар екенін Жанәли да білетін. Мен қайдан білейін, үндемей жүріп. Бала миы, бала зердесі алғыр. Ол нені болса да тез қабылдайды және қабылдағанда өмірлікке, өшпестей біржолата қабылдайды. Сәлима ағасының ол сөзін селсоқ қалпында қабылдады. Сол күні Лима бір Түнғатар емес, төрт Түнғатарды таныды. Әріптері сойдақ-сойдақ Жанәлидің қолын таныды. Бүгін соңғы мәрте Лермонтовтың «Ақын өліміне» деген шығармысын пысықтаймыз, балалар! – деді Түнғатар. Ал мен осылай жата берсем балаларды кім оқытады? Лермонтовтың «Ақын өліміне» деген өлеңін бүкіл класқа жаттатып, ойнап отыр. Орыс тілінің үйірмесін жүргізеді, ерінбей, жалықпай артта қалған балаларға пән үйретеді. Өз пәнінің методикалық кітаптарын оқиды, газет-журналдарды қарастырады. Кітап оқып отырады.
Қорыта айтқанда, Ә.Тарази шығармасының тілінде етістіктің бұл мағыналық тобы жиі кездесіп, актив қолданылған. Сонымен, қазақ тіл білімінде ойлау етістіктерін жоғарыда берілген классификация бойынша Л.М.Васильев пен И.Лозенконың пікірлеріне сүйене отырып, топтастыруға дәлеліміз бар. Жалпы ойлау етістіктері амал-әрект, қозғалыс етістіктері сияқты өте актив емес екендігі байқалады. Бірақ, тым сирек те емес. Алайда, ойлау етістіктері қазақ тіл білімінде үлкен зерттеуді талап ететін тақырыптардың бірі екендігіне көзіміз жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет