Ә. Тарази шығармасынан алынған етістіктердің статистикалық негізі
р/с
|
Тармақтары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Жалпы саны
|
Топтары
|
I
|
Амал-әрекет етістіктері
|
10
|
7
|
13
|
6
|
17
|
10
|
11
|
7/5
|
4
|
5
|
5
|
100
|
II
|
Қозғалыс етістіктері
|
1
|
7
|
8
|
2
|
2
|
7
|
2
|
4
|
12
|
9
|
3
|
51
|
III
|
Қарым-қатынас етістіктері
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
IV
|
Сөйлеу етістіктері
|
13
|
10
|
5
|
13
|
8
|
11
|
|
|
|
|
|
60
|
V
|
Қалып-сапа етістіктері
|
11
|
13
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
34
|
VI
|
Сезіну етістіктері
|
9
|
8
|
2
|
1
|
4
|
|
|
|
|
|
|
24
|
VII
|
Қалау мәнді етістіктер
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
VII
|
Назар мәнді (зейін) етістіктері
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
IX
|
Эмоционалды етістіктер
|
19
|
17/8
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
54
|
X
|
Ойлау етістіктері
|
12
|
44
|
3
|
10
|
6
|
10
|
11
|
4
|
7
|
|
|
63
|
XI
|
Білу етістіктері
|
13
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
XII
|
Есте сақтау етістіктері
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
XIII
|
Дыбыс-сес және бейнелеу етістіктері
|
8
|
2
|
15
|
5
|
7
|
|
|
|
|
|
|
37
|
XIV
|
Өсіп-өну етістіктері
|
1
|
3
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
XV
|
Табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты қолданылатын етістіктер
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
XVI
|
Субьектив реңді білдіретін етістіктер
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
484
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен зерттеу жұмысымызды қорытындылайтын келгенде, лексика-семантикалық топ мәселелері – қазақ тіл білімініде енді-енді қолға алнынып жүрген тақырыптар. Жалпы етістікке арналаған еңбектерде ғана жол-жөнекей сөз етілгені болмаса, олардың лексика-семантикалық топтары арнайы зерттелмеген соны жатқан мәселе. Сондықтан етістіктің лексика-семантикалық топтары кешенді зерттеуді қажет ететін мәселелердің біріне жатады.
Зерттеу жұмысымыз толығымен етістікке арналды. Бірінші тараушада алдымен етістіктің лексика-семантикалық топтарының зерттелуіне шолу жасадық. Шолуда түркі, батыс, орыс тіл білімі лингвистерінің зерттеу жұмыстарына үңіліп, қазақ тіл біліміндегі тілші-зерттеуші ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өттік. Қазақ тілінің мамандарының арасында етістіктің лексика-семантикалық топтары жайлы айтылған пікірлер, топтастырулар көрсетіліп, талданды. Осы орайда И.Маманов, А.С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Хасенова, Н.Оралбаева, А.Ысқақов, М.Оразов сияқты ғалымдарымызды атауға болады.
Түркі тілінде алғаш рет етістіктерді «ойлау, сөйлеу, қозғалу етістіктері» деп топтастырған ғалым Н. К. Дмитриев екендігі айтылды. Л.Н.Харитонов, Г.К.Багиров, М.Садықов, Г.К.Кулиев, С.А. Рзаев, Л.И.Лебедев, В.Ф.Вещилова сынды тюркологтар ғалымның еңбегінен кейін түркі тілдерінің етістіктерін лексика-семантикалық топтар бойынша қарастырғаны анықтылды. Ал қазақ тіл білімінде етістіктердің семантикасын сөз етіп, арнайы зерттеген, қазақ тіліндегі етістіктердің лексика-семантикалық топтары жайлы еңбек жазып, құнды пікірлер айтқан ғалым М. Оразовты екені белгілі. Сондықтан ғалымның еңбектері түркі тілдерін зерттеуші ғалымдарға үлгі болмақ.
Келесі тараушада лексика-семантикалық топ құбылысы, онымен бірге қазіргі қазақ тіл білімінде тематикалық топ қатар қолданылытындығы айтылды. Ғалым Ф.П.Филиннің лексика-семантикалық топқа берген анықтамасына сүйене отырып, тіліміздегі лексика-семантикалық топ жасалу үшін кемінде екі не одан да көп сөздерді лексикалық мағынасына қарай топтау керек екендігі наықталды. Ал тематикалық топ термині лексика-семантикалық топ терминінен бұрынырақ қолданылып, тематикалық топқа түрлі сөз табына жататын сөздер ене берсе, лексика-семантикалық топтарға тек бір сөз табына жататын сөздер ғана енетіні сөз етілді. Ең алдымен етістіктерді жалпы семалары бойынша лексика-семантикалық топтарға бөліп, жалпы мағыналарын анықтадық.
Осы тараушамызда сема, семемалардың етістіктерді семантикасына қарай топтастырудағы роліне тоқталдық. Себебі, етістіктерді семантикасына қарай топтастыруда сема, оның түрлері, семемалардың маңызы зор. Өткені, жалпылауыш сема (архисема) сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық топқа бөлуге негіз болса, айырушы сема (дифференциалды) сөздердің жеке-жеке өмір сүруіне негіз болатындығы айқындалды. Өйткені, айырушы семалардың көп болуы лексика-семантикалық топтардың іштей бірнеше майда топтарға бөлінуіне жағдай жасайды.
Тіл білімінде кей ғалымдарымыз әр лексика-семантикалық топтың өзіндік грамматикалық белгісі бар деп сол пікірін дәлелдеуге әрекет етіп, оны сөздердің валенттілік қасиетімен байланыстырғандығы айтылды. Валенттілік түсінігінде семантикалық және синтаксистік деген екі аспект болатаны ғалым Л.М.Локштанованың мақаласында көрсетілді.
Кейінгі тараушада қазақ тіл білімінде ғалымдарымыздың етістіктерді лексика-семантикалық топтардың жүйеленуі тегіс беріліп, әрі сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық топқа бөлудің шарттары да көрсетілді. Лексика-семантикалық топ құбылыс - әрбір тілде кездесе беретін құбылыс. Бірақ бұл зерттеулірдің барлығында да етістіктердің лексика-семантикалық топтары жайында бірлі-жарым сөз етіледі де, нақты толық талданған ғылыми еңбектер жоқтың қасы.
Келесі тараушаларда толығымен шығарма тілінде ұшырасқан етістіктерге, олардың лексика-семантикалық топ бола алатындығына, жаңа лексика –семантикалық топ жасай алатындығына тоқталдық.
Сөздердің мағыналарын жіктеу қандай қиын болса, оның мәнін анықтап, мағынасына қарай топтастыру да күрделі және қиын. Бұл тек қана есім сөздерге байланысты емес, етістіктерге де тән қасиет екендігін дәлелдеуге тырыстық. Ол үшін Ә. Тарзидің «Қорқау жұлдыз» шығармасын зерттеу материалымыз ретінде алып, осы шығарма тілінде етістіктің лексика-семантикалық топтары көптеп кездесетінін байқадық. Шығарма тілінде қолданылған етістіктерді жоғарыда аталған ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйене отырып, он алты лексика- семантикалық топқа жеткізіп, оның әр біреуін өз ішінен тағы да кіші семантикалық топшаларға топтастырдық. Жазушы шығармасында қолданылған етістіктер жүйеленіп, солардың ішінде амал-әрекет, қозғалу, сезіну, ойлау, көңіл-күй етістіктрі толықтырылып, олардың қатарына қалау мәнді және зейін етістіктері деген жаңа топшалар қосылды.
Шығарма тілінде ұшырасқан амал-әрекет етістігін ғалым М.Оразовтың енгізген соңғы жаңалықтарымен толықтырдық. Ғалым нді даралау және бөлшектеу етістіктерін бірнеше бөліктерге, топтарға және түрлерге бөлу мағынасындағы (Таңғы дастарқанға он бес минут уақыт бөлінген) және кес(у)мағынасындағы (өздері пішті, өздері кесті) амал-әрекет етістіктері деп жіктеді ұсынады. Амал-әрекет етістіктеріне өз тарапымыздан енгізген мынадай жаңа топтар анықталды:
а) Обьектіні толық қамтитын амал-әрекет етістіктері (құшақтау, қаптау, қаумалау, жабылу);
ә) Қосылу, бірігу етістіктері (қосылу, топтасу, тұтасу, бірлесу, жалғау).
Қозғалу етістіктерін топтастыру барысында ұшырыспаған қимылдың біраз уақыт бәсеңдеуін білдіретін білдіретін қозғалу етістіктері (кешігу, кідіру, іркілу) айқындалды.
М.Оразов көрсеткен он бір лексика-семантикалық топтың ішінен сезіну, ойлау және көңіл-күй етістіктеріне өз тарапымыздан жаңалықтар енгізілді. Мәселен, ғалым ойлау етістіктерін тек қана бір топ көлемінде қарастырған. Сондықтан ғалым Л.М.Васильев пен И.Лозенконың пікірлеріне, классификацияларына сүйеніп, аталған мағыналық топ былайша топтастырылды:
Ойлау прцесін білдіретін етістіктер (ойлау, ойлану, толғану)
Ойлау актісінің нәтижесін білдіретін етістіктер
а) Елестеу, елес мәнді етістіктер (елестеу, түсінде көру, армандау, көксеу)
ә) Болжау мәнді етістіктер (жору, санау, есептеу, өкіну)
б) Шешім мәнді етістіктер (шешу, бекіну, келісу, уәделесу)
в) Сену мәнді етістіктер (сену, нану, илану, үміттену)
г) Түсіну мәнді етістіктер (түсіну, сезу, ұғу, аңғару, ұқтыру)
ғ) Қателесу мәнді етістіктер (жаңылу, шатасу, алдану)
Дерексіз ойлау етістіктері (саралау, жүйелеу, тұжчырымдау, талқылау, түю)
Білу етістіктері (білу, тану, қабылдау, оқу, жаттау, пысықтау)
Есте сақтау етістіктері (есіне түсу, есін алу, жадынжа сақтау, ұмыту, ескеру)
Сонымен қатар сезіну және көңіл-күй етістіктерінің де кіші семантикалық топтарының аражігі осылайша ажыратылды. Әрбір сөздің мағынасы, қолданылу, жұмсалу аясы кең әрі алуан түрлі. Сондықтан бұл мағыналық топтағы етістіктер семантикасына, жалпы мағыналық бірлестігіне қарай тілдік фактілермен дәлелденді.
Тіліміздегі етістіктерді семантикасына қарай топтастыру мәселесінде әлі де болса бірізділік жоқ, сол себептен жоғарыдағы топтау шартты түрде негізге алынатын нұсқа ретінде, тілші-ғалымдарымызды ойландыратын өзекті мәселе ретінде қабылдануға тиіс.
Жеке-жеке жазушылардың шығармаларының тілдеріндегі етістіктің лексика-семантикалық топтарына байланысты мәселелер тек қазақ тіл білімінде ғана емес, тюркологияда да назардан тыс қалып келе жатқандықтан, арнаулы монографиялық күрделі еңбек те жоқ. Ал, біздің зерттеу жұмысымыз сол күрделі еңбектің бастамасына нұсқаған жолы ғана болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |