1) Фрилансер қажет екеніне көз жеткізіңіз. Сіздің маусым кезіндегі тапсырыстарға шамаңыз жетпей жатыр ма? Немесе сізге бір нақты жоба үшін ерекше білімі бар адам қажет пе? Нұсқаулықтарды негізге ала отырып, сіздің тапсырмаңызды орындауға бола ма? Егер солай болса – фрилансер сізге дәл келеді. Егер жоба орындаушымен тұрақты қарым-қатынасты талап етсе және Сіздің компанияңыздың басқа да қызмет салаларына енгізілген болса, сізге штаттық қызметкер дұрыс болады;
2) Дайындық жұмысын жүргізіңіз. Мұндай фрилансерді табуға болатын платформаны табыңыз. Бұл отандық HeadHunter, Enbek.kz немесе Naimi.kz қызметтері болуы мүмкін. Немесе сіз фрилансерді тіптен Украина немесе Белоруссиядан таба аласыз – оларды іздеу үшін сайттар көп. Сіз, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі хэштег арқылы фрилансерді іздей аласыз. Сіз, сондай-ақ, Әріптестеріңізге немесе таныстарыңызға хабарласып, олардан осындай жұмысқа фрилансерлер жалдағанын сұрай аласыз, егер олардың сенімді және дәлелденген кандидаттары болса, олармен байланыса аласыз. Бағаларды салыстырыңыз;
3) Жұмысты құрылымдаңыз.Фриланс бақылаудың болмауы дегенді білдірмейді. Фрилансер басқа елде өмір сүрсе де, сіз оның жұмысын бағалау өлшемшарттарын , ол сіздің алдында қалай есеп беретінін және жұмыс кестесін анықтауыңыз керек;
4) Құралдарды таңдаңыз.Фрилансер сіздің негізгі қызметкерлеріңіз өздерінің негізгі мәселелеріне көңіл бөлу үшін олардың уақытын босатуға мүмкіндік береді. Бірақ фрилансер оларға кедергі жасамауы керек. Сондықтансіз және сіздің қызметкерлер онымен қалай қарым-қатынас жасайтынын алдын ала ойластыру қажет Мүмкін, оған керектің бәрі қол астында болу және сіздің қызметкерлеріңізді алаңдатпау үшін Google Docs белгілі бір папкасына кіруге рұқсат беру керек шығар. Сіз Trello жеке тақтасын жасай аласыз, онда фрилансер оған барлық қажетті қызметкерлер қол жеткізе алатын өз жұмысын орналастырады. Сіз фрилансер мен басқа қызметкерлер арасында қарым-қатынас жасау үшін Telegram-да жеке арна құра аласыз.
2-тапсырма
Кәсіпкерліктің адам ресурстары мен стартаптардағы табыс арналары туралы айтқан сабақтарды еске түсіріңіз. Сіздің стартапыңыздың барлық әріптестерінің тізімін жасаңыз. Егер сіздің стартапта ай сайынғы жалақы төлейтін қызметкерлер болса – бұл сіздің персоналыңыз, ал егер сіз маманды сырттан тартсаңыз – бұл сіздің әріптесіңіз. Сіздің қызметіңіздің барлық кезеңдерін - әкімшілік және өндірістік қызметті, жарнаманы, маркетингті, сатылымды және т.б. талдауды ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |