Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет169/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   223
Китап касипкерлик

Kickstarter – ең ірі және ең танымал әлемдік краудфандинг алаңдарының бірі. Кез келген ұстанымдарды орналастырғаны үшін жалпы алымдардың 5% алады.
Indiegogo– танымалдығы бойынша екінші орындағы платформа. Мұнда жобаны орналастыру санатын таңдау бойынша шектеу жоқ. Кез келген адам өз идеясын тіркей алады (қаншалықты таңқаларлық немесе ерекше болмасын) және оған қаражат жинай алады.
ҚазақстандаStart-time.kzкраудфандингтік платформасы 25 жобаға қаражат жинауға көмектесті.
Өз идеяңызды немесе өнімді краудфандинг алаңында көрсету тек қаражат жинау үшін ғана пайдалы емесӘрине, жобаны қаржыландыру бірінші кезектегі міндет болып табылады, бірақ бұл әлеуетті клиенттердің немесе пайдаланушылардың осы компанияға реакциясын көрудің тамаша тәсілі. Инвесторлар жобаны жетілдіру, оны кеңейту немесе өзгерту бойынша идеялар ұсына алады.
Егер сіз инвестор таба алмасаңыз да, үміт үзбеңіз. Көп қаражат салмай (немесе мүлдем салмай) салымсыз бизнес бастаудың жолы көп. Сізге бар болғаны кәсіпкерлікті кезең-кезеңмен бөлу, олардың әрқайсысы үшін төмен табыс шегі мен жоғары шығындар шегін белгілеу, ресурстарға тағы бір рет мұқият қарап, әр кезеңге қанша уақыт бөлуге болатындығын анықтап, іс-әрекет ете бастау керек.
Егер сіз дүкен ашқыңыз келсе, жай ғана Instagram парақшасынан бастауға болады. Бірінші кезеңде тауарды сатып алу немесе өндіру қажет емес. Сіз оның суретін орналастыра аласыз және оның артықшылықтары, сұлулығы, атқарымдығы және т.б. туралы посттарды жариялай аласыз. Егер әлеуетті сатып алушылар сізге хат жазса, сіз бірнеше күнде тауардың жаңа түсімі күтіледі деп айта аласыз, сосын олармен байланысқа түсесіз. Осылайша сіздің өніміңіздің мүлдем сатып алынбайтындығын, тұтынушыға қажеттілік бар-жоғын тексересіз. Өтініштер санының негізінде сіз тауардың ең аз партиясына тапсырыс бере аласыз. Оны жүзеге асырған кезде, сіз табыс табу үшін көп нәрсе сатып ала аласыз немесе конструкторды қолдана отырып веб-сайт жасай аласыз. Осылайша, айналым ұлғайта және ассортиментті арттыра отырып, сіз жеткілікті көлемге шығып, содан кейін ғана сатушыны, SMM-маманды, курьерді және т.б. жалдауға болады.
Егер сіз өз курстарыңызды ашқыңыз келсе, OLX, әлеуметтік желілердегі аккаунт сияқты тегін сайттарда жарнама жариялаудан немесе үйлердің есіктерінде жабыстырылған жарнамалардан бастай аласыз Бірінші білім алушылармен үйде айналыса аласыз. Егер олар көп болса, кейбір даму орталықтарында немесе курстарда кеңсені жалға алуға келісуге болады. Үй-жайлары бос тұрып, табыс әкелмейтін бос уақыттары болуы мүмкін. Ал сіздің табысыңыз белгілі бір деңгейге жеткенде ғана өзіңізге үй-жайды жалға ала аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет