Бірінші қадам тауашаны таңдау. Ол үшін кәсіпкер келесідей сұрақтарға жауап береді: «Мен нақты немен айналысқым келеді?». Кәсіпкерлік үшін тауаша таңдау – алғашқы әрі өте маңызды қадам. Өйткені, сізге өз ісіңізбен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 сағаттапайналысуға тура келеді.Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, сізде оны орындауға мотивация болмайды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.
Абай Құнанбаевтың келесідей белгілі нақыл сөздері бар: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», сонымен қатар кең таралған тағы бір нақыл сөз бар: «Өзіңді таны, ол – қызық! Өзіңді таныт, ол да – қажет. Өзіңді жетілдір, ол – қолыңнан келеді! Өзіңді көрсет, ол – лайықты іс!». Неге бәрі өзін танудан басталады? Өйткені өзін-өзі танымай кәсіпкерлікті жүзеге асыру мүмкін емес. Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: «Мен не істей аламын?», «Менің не істегім келеді?». Егер тауашаны таңдау сіздің ішкі қажеттіліктеріңіз бен жеке тұлға ретіндегі қызығушылығыңызға сәйкес келмесе, сіз өз ісіңізге толығымен беріле алмайсыз, жұмыстан ләззат ала алмайсыз, өз командаңыздың қалған мүшелерін ынталандыра алмайсыз. Бұл жөнінде Міржақып Дулатұлы: «Салт сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде» деген екен.
Кәсіпкерліктің бұлжымайтын заңы бар: тек бірегей кәсіпкерлік табысты болады. Әйтпесе, сізді бәсекелестер жұтып қояды. Кез келген аспект өзіңіздің өз көзқарасыңызбен, құзыретіңізбен, идеяларыңызбен және басқа да, сіздің өніміңіз немесе қызметтеріңіз – бірегей болуы мүмкін (мысалы, сіз басқа наубайханалар сияқты нан пісіресіз, бірақ сізде ыстық кофе ішуге болатын үстелдер бар). Бірақ бірегейлік мотивация болса ғана келеді. Егер сіз сүйікті іспен айналыссаңыз және оны дамытуға ниет білдірсеңіз, сіз әрқашан бірегей болуға мүмкіндік таба аласыз. Мотивация болмаған кезде сіз әдетті іс-қимылдарды бір сарынды орындап, үйге қайту үшін жұмыс күнінің аяқталғанын күтетін боласыз.
Тауаша табылған кезде, келесі қадамды – «өзіңді танытуды» бастауға болады. Яғни, өз бизнесіңіз табысты болу үшін сізге қандай дағдылар қажет екенін анықтау керек. Мүмкін сіз өз қолыңызбен бір нәрсе жасап үйренерсіз, мүмкін,сауда жасайсыз, суретке түсіресіз, жарнама жасайсыз, командаға қажетті адамдарды жинайсызжәне т.б. Сізге қандай дағдылар қажет екенін түсіне отырып, оларды дамытуды бастауға болады.
Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды зерттеу керек.Оған жұмсалған уақыт мың есе өтеледі және тиімді бизнес-шешімдер туғызады.Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз кемшіліктеріңізді және артықшылықтарыңыздың кестесін құрыңыз. «Кемшіліктер» бағанында «Клиенттермен сөйлесуді ұнатпаймын», «Кәсіби білім жетіспейді», «Бастапқы капиталды қалай тарту керектігін білмеймін» және т.б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз – бір жағынан сіздің бизнесіңіз үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |