Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет15/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   223
Китап касипкерлик

1. Шағын істен бастау. Жапонның атақты бас аспазы Дзиро өте кедей отбасында дүниеге келген және бастауыш мектепте оқыр жүргенде ол кешкі уақытта мейрамханада жұмыс істейтін. Кейін, өзінің бірінші суши-барын ашқан кезде ол өз алдына әлемдегі ең үздік және таңдаулы мекеме құрсам деген мақсат қойған жоқ. Ол күнделікті табыс табу үшін өзінің дағдыларын қолданды. Өйткені, суши-барға бар керегі ең қарапайым ас үй бұйымдары мен жұпыны жағдай ғана еді. Ол бірте-бірте өз дағдыларын, жабдықтар мен интерьерді жетілдірді. Бүгінде оның мейрамханасы Жапониядағы және тіпті әлемдегі ең үздік мейрамханалардың бірі болып саналады. Бас аспаз өз ісіне асықпай, бірте-бірте ұсақ жақсартулар енгізіп отырды, ол үлкен істі ұсақ-түйек істермен бастау керек екенін жақсы түсінді. Шағын істен бастау – өз өміріңе шағын өзгерістер енгізу деген сөз, ал олар бірте-бірте-өміріңе оң өзгерістер жасайды: таңертең ерте тұру, дене шынықтыруға немесе қызықты хоббиге күніне бір сағат уақыт бөлу, денсаулыққа пайдалы тамақ дайындау және т.б.
2. Өзін-өзі босаңсыту. Жас бала қамсыз болады және оған әлі әлеуметтікауыртпалық жүктелмеген. Бала ешқандай мамандықтың немесе әлеуметтік дәреженің талаптарымен байланбаған. Басқаша айтқанда, икигайға қол жеткізу үшін өз-өзіңді қабылдап, босату керек, іштегі баланы оятып, айналасындағылардың пікірінен азат, батыл және тәуелсіз болуды үйрену керек.
3. Үйлесімділік пен тұрақтылыққа қол жеткізу. Икигайға қол жеткізу үшін қоршаған ортамен, айналадағы адамдармен және жалпы қоғаммен тікелей үйлесімді қарым-қатынас орнату қажет, онсыз тұрақтылыққа ұмтылу мүмкін емес. Жеке амбициялар әрқашан қоғам мен қоршаған ортаның жағдайына қарап қанағаттанады. Егер олар салауатты болмаса, сіз өз мақсаттарыңызға қол жеткізе алмайсыз және өз жоспарларыңызды жүзеге асыра алмайсыз. Басқаша айтқанда, басқа адамдарды, табиғат пен қоршаған әлемді жадыңда мықтап ұстай отырып өз арманыңа бет алуға болады.Оларға зиян келтіріп, икигайға қол жеткізу мүмкін емес.
4. Ұсақ-түйекке қуану. Бақыт текұлы істерден (сәттілік, ұлы мақсатқа қызмет ету)және материалдық заттардан (жоғары жалақы және үлкен үй) тұрмайды.Күнделікті бақыт ұсақ-түйектерден тұрады: дәмді таңғы ас,шуақты күн, концертке бару немесе велосипедпен кешке серуендеу мүмкіндігі. Сізге рақат сыйлайтын заттарды атап, оларға шынайы қуана отырып, осы ұсақ-түйектер үшін тағдырға ризашылық білдіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет