5. Бүгінгі күнмен өмір сүру. Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге тікелей байланысты.Оған қоса, бүгінгі күнмен өмір сүру – біз осыған дейін айтып өткен ағынды күйге ұқсас күй.Ағынды күй және«бүгінгі күнмен өмір сүру»– адамның өзі ісіне жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, басқа нәрселерге мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа жету құралы емес, жеке Өзіндік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.
Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу,шағын істерден бастау қажет, өзіңді болашақта қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өзқалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға тырысу және әр түрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы күйге қайтаруға күш салу.
Ал енді өзіңіз жүзеге асыра алатын бизнес-идеяны іздеуге кірісейік.
Бизнес-идея дегеніміз не?
Бизнес-идея – болжамды кәсіпкерліктің қысқа әрі нақты анықтамасы.Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты.
Бизнес-идея:
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс;
табыс әкелуі тиіс;
кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.
Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал табысқа бірлі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?
Кәсіпкерлікке арналған идеяларды таңдау ережелері
Бірінші ереже. Идея көп болуы керек. Идеяның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, бірі екіншісінен перспективалы екенін, әр түрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді., осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Екінші ереже. Идея кәсіпкерлік бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы тиіс. Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ салалардағы жобалармен айналысса – табысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді.
Үшінші ереже. Идея қызықты болуы керек. Кәсіпкерлік бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын – жұмыс уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды.Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдық қанағаттандырмайды.
Төртінші ереже. Идея бір-екі сөйлеммен ғана құрылуы тиіс. Тым күрделі және ұзақ түсініктемелер әлсіз және өңделмеген идеяны білдіреді.
Біріншіден кәсіпкерлікке оның негізін қалаушы кәсіпкерлікті идеядан ақиқатқа айналдыру үшін жасайтын қадамдар жүйесі ретінде қарап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |