Банкрот − төлем қабілетсіздігі сотпен белгіленген борышкер.
Банкроттық – кәсіпорынды тарату үшін негіз болып табылатын, борышкердің сот шешімімен танылған төлем қабілетсіздігі.
Банктік кепілдік – банк, басқа несие беруші немесе сақтандыру ұйымы (кепілгер) кепіл беруші берген міндеттеме шарттарына сәйкес негізгі кредиторға (бенифициарға), бенефициар оны төлеуге жазбаша талап ұсынған кезде ақша сомасын төлеуге міндетті жазбаша міндеттеме.
Басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген мөлшерде және кедендік төлемдерді қоспаған жағдайларда жүргізілетін төлемақылар, алымдар, баж салығы түрінде бюджетке міндетті түрде аударылатын қаражат.
Белсенді сату – сіз өзіңіз клиенттерді іздеп, оларға қажеттілік туғызасыз.
Бәсекелес (нарықта) – қызмет көлемінің өзгеруі нарықтық қатынастардың басқа субъектісінің нарықтық үлесінің төмендеуіне немесе өсуіне әкелетін нарықтық қатынастардың субъектісі.
Бәсекелестік – нарық субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігі олардың дербес іс-әрекеттері әрқайсысының тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына біржақты ықпал ету қабілетін тиімді түрде шектейді.
Бизнес – кез келген табыс әкелетін қызмет түрі.
Бизнес-жоспар – компанияның кез келген коммерциялық жобаны және жалпы компанияның қызметін іске асыру жөніндегі іс-шараларының егжей-тегжейлі әзірленген бағдарламасы.
Бизнес-идея – жоспарланған кәсіптің қысқаша және нақты анықтамасы.
Бизнесмен − кіріс немесе басқа да табыс әкелетін экономикалық қызметтің кез келген түрімен айналысатын тұлға, кәсіпкер.
Бизнес-модель – бұл кәсіпкерлік қызметтің тұжырымдамалық сипаттамасы, яғни: 1) компания тауарлар мен қызметтерді нақты кім үшін өндіреді; 2) клиенттерге қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылады; 3) бұл өнімдер қалай жасалады; 4) компания ненің есебінен табыс табады.
Бір клиенттен түскен табыс (Profitperuser) – әрбір тартылған клиенттен түскен табыс.
Достарыңызбен бөлісу: |