Бір пайдаланушыны тарту құны (Costperlead (CPL) – сіздің өніміңіздің жарнамасына пайдаланушылар ағынының ішіндегі бір адамға қанша ақша жұмсайсыз.
Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ) – тауардың немесе қызметтің бәсекелестердің тауарларынан немесе қызметтерінен айқын тұжырымдалған артықшылығы.
Бірінші сатылымға кететін шығын (COGS (firstsale) – бірінші сатылыммен байланысты кез келген шығын.
Бірлескен кәсіпкерлік – ортақ меншік құқығындағы тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) билік етуге жол беретін өзге де құқық негізінде жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобымен жүзеге асырылады.
Бөлшек сауда − 1. Тауарларды тұтынушыларға жеке пайдалануы үшін сататын кәсіпкерлік қызмет. 2. Тауарлар мен қызметтерді жеке коммерциялық мақсатта пайдаланбау үшін тікелей негізгі тұтынушы бір-бірден немесе шағын мөлшерде сатып алу және сату.
Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның, фирманың және т.б. қаржылық және экономикалық жағдайының көрінісін ашып көрсететін көрсеткіштер жиынтығын белгілі белгілі бір мерзімде, көбінесе күнтізбелік кезеңнің соңында немесе басында көрсететін бухгалтерлік есептілік құжаты.
Бухгалтерлік есеп − кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алу жүйесі.
Веб-сайт – ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде бір домендік атпен біріктірілген және ортақ навигациясы бар мәліметтер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.
Дауларды шешу тәртібі – егер тараптар арасында дау туындаса, олар қалай және қай сотта шешіледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – бір адамға шаққандағы ең төменгі тұтыну қоржынының шамасына тең ақшалай табыстың қажетті мөлшері.
Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, оған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек етуді) жеке орындауға, жұмыс кестесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек шартына сәйкес жұмыс беруді, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, заңнамаларында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде қарастырылған еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, ұжымдық шартпен, жұмыс берушінің актілерімен, қызметкерлерге жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеугеміндеттенеді.
Еңбекақы төлеу – жұмыс берушінің қызметкерге еңбегі үшін міндетті еңбекақы төлеуін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қамтамасыз етуге байланысты қатынастар жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |