Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Интернет-маркетингтегі айырбастау



бет202/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   223
Китап касипкерлик

Интернет-маркетингтегі айырбастау – сайтта кез келген мақсатты іс-әрекеттерді орындаған сайтқа кірушілер санының (жарнама берушілердің, сатушылардың, контент жасаушылардың жасырын немесе тікелей нұсқаулары – сатып алу, тіркеу, жазылу, сайттың белгілі бір парақшасына кіру, жарнама сілтемесін басу) сайтқа кірушілердің жалпы санына пайыздық қатынасы.
Ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары.
Іздеуді оңтайландыру (searchengineoptimization, SEO) –пайдаланушының белгілі бір сұраныстары бойынша іздеу жүйелерінің нәтижелерінде сайттың ұстанымын көтеру үшін ішкі және сыртқы оңтайландыруға арналған шаралар жиынтығы.
Канва бизнес-моделді (business model canvas) – бизнестің негізгі компоненттері мен үдерістерін бейнелейтін көрнекі сызба.
Капитал – қосымша құн қосылатын баға; қандай да бір тұлғаның міндеттемелерін есептемегендегі активтердің жалпы құны; экономикаға, өндіріске материалдық және ақшалай қаражаттың күрделі салымдары; инвестициялар, салымдар.
Келісімшарттар – сіз және сіздің серіктестеріңіз, баға, талаптар және т.б. туралы барлық бизнес-ақпарат.
Келіссөз – келісімге қол жеткізу мақсатындағы кездесу. Келіссөздің тараптары (қатысушылары) келісімге бағдарланған, олардың өз мақсаттары, себептері, қажеттіліктері, өзара басқаға жол беру мүмкіндіктері бар.
Кеңес беру қызметі – басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет пен персоналды басқарудың стратегиялық жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелерін шешу мақсатында тұлғаның мәселелерін және (немесе) мүмкіндіктерін анықтау мен бағалауды қоса алғанда, түсіндірулерді, ұсыныстарды, кеңестерді және басқа да кеңес беру нысандарды беру бойынша қызметтер.
Кепіл – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі. Егер сіз міндеттемелерді орындамасаңыз, серіктес, банк немесе мемлекет өзінің шығынға ұшырамайтынына сенімді болу үшін шығын туындаған кезде, оларды жабатын кепіл қаражат салуды талап етуі мүмкін.
Кепілақы – келісімшарт жасасқан тараптардың бірі шарт бойынша оған төленетін төлемдер есебінен екінші тарапқа шарттың жасалғандығын және оның орындалуын дәлелдейтін қаражат сомасы.
Кепілгерлік – міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі, соған сәйкес кепілгер (үшінші тұлға) басқа тұлғаның кредиторының алдында оның алдындағы міндеттемелерін толық немесе жартылай орындағаны үшін жауап беруге міндеттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет