Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет203/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   223
Китап касипкерлик

Кәсіби медиатор – «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын медиатор.
Кәсіпкер − егер олар қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе және белгіленген мүліктік немесе өзге де жауапкершілікпен қамтамасыз етілетін болса, өз бастамасымен өзінің иелігінде бар мүлікті пайдалануға барлық шешімді қабылдауға және кез келген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы тұлға.
Кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға меншік нысанына қарамастан бағытталған бастамашылық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелге бел буып, мүлікке жауапкершілік алу арқылы жүзеге асырылады. К.– бәрінен бұрын адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оларға табыс әкелетін немесе ләззат сыйлайтын тауарларды өндіру.
Кәсіпкерлік бастама – перманентті үдеріс ретінде бәсекеге қабілетті жаңа идеяларды әзірлеуді, неғұрлым жемісті идеяларды жедел енгізуді және тұрмыста жаңа технология бойынша алынған жаңа өнімнің барынша тез әрі тиімді іс-шаралар жүйесін ұйымдастыруды қамтитын өндірісті және өткізуді басқару нысаны.
Кәсіпкерлік қызмет – тауар өндірісін, тауар массаларының бүкіл қозғалысын ұйымдастыруға ықпал етеді және оларды қоғамның экономикалық өмірімен бірыңғай тұтастықта байланыстыра отырып, нарық арқылы негізгі тұтынушыға жеткізеді.Бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен меншік нысанына қарамастан таза табыс алуға бағытталған бастамашылық қызметі.
Кәсіпкерлік ойлау өнертапқыштық, әлі пайда болмаған нәрселерді жасау және армандарын жүзеге асыру қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет