Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Жәрмеңке − сауда және өнеркәсіп ұйымдарының, кәсіпкерлердің негізінен көтерме сату және көрмеге қойылған үлгілер бойынша тауарларды сатып алу үшін мезгіл-мезгіл өткізетін жиыны.
Жұмыс беруші − қызметкер еңбек қатынастарын жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек ету үдерісінде өз міндеттемелерін орындау үшін тұрақты немесе уақытша еңбек ететін орны.
Жұмыс уақыты − қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыскердің табысы – қызметкердің төлем көзінен алатын кірісі, ол жұмыс беруші есептеген салық салынатын кірістер мен салық шегерімдері сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады
Жылдам сату – ұсынылған өнімді білетін, бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі және мәміле жасауға дайын, тұрақты немесе жаңа клиенттерге сату.
Жылдық жиынтық табыс –тұлғаның салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде алатын (алған) табыстары.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар және осы мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйым, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алады және жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. ЗТ-ның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс. Мемлекеттік емес коммерциялық ЗТ ұйымдық-құқықтық нысандары тек шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін.
Зияткерлік қор – қызметкерлердің білімі, дағдылары, білім деңгейі, жаңа технологиялар, лицензиялар, авторлық құқықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, нарық туралы білімдер, бәсекелестер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |