1-тапсырма
Келесі бизнестерге арналған мақсатты аудиторияны анықтаңыз:
1) жүгіруге арналған киім дүкені;
2) скейтборд дүкені;
3) үй жинау қызметтері;
4) балаларға арналғандамыту орталығы;
5) тапсырыс бойынша галстук тігу.
Мақсатты аудиторияның түрлері
Әрбір қызмет саласында МА таңдау ережелері бар. Мақсатты аудиторияның түрлері көптеген факторларға, мысалы, әлеуетті клиенттердің төлем қабілеттілігіне, олардың тілектеріне және кез келген қалауына, танымал трендтерді ұстану ниетіне және т.б. байланысты.
Мәселенің әрбір зерттеушісі өз жіктеуін жүргізуге құқылы, бірақ бүгін МА-ны мамандарекі негізгі түрге бөледі:
негізгі бөлім немесе негізгі мақсатты аудитория. Оған қандай брендті сатып алу және қандай қызметтерге тапсырыс беру туралы тікелей шешім қабылдайтын адамдар жатады.Негізгі бөлімнің өкілдері болашақ мәміленің бастамашысы болып табылады, олар қаражат иелері болып табылады;
жанама бөлім. Бұл мақсатты аудиторияның сипаттамасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың арасындағы ортақ нәрсе, ол – болашақ сатып алу немесе тапсырыс жасаудағы олардың пассивті рөлге ие болуы. Олар мәміленің бастамашысы бола алмайды, бір нәрсені сатып алу үшін қаражатты басқармайды.
Екі типтегі мақсатты аудиторияны зерттеу маркетологтар үшін маңызды болып табылады, өйткені өз болжамдарын жүзеге асыру бойынша барынша жұмыс шешімдерін жасауға мүмкіндік береді.
Мақсатты аудиторияны анықтау
Бизнес үшін ең күрделі және бірінші кезектегі міндет–бұл өз өнімі үшін мақсатты аудиторияны анықтау. Бұл қадамға сіздің компанияңыздың нарықта жүргізетін бүкіл маркетинг-миксі тәуелді. Мақсатты аудиторияны анықтауды сіз екі негізгі жолмен жүзеге асыра аласыз: өзіңіз сататын тауарға сүйену; немесе игергіңіз келіп отырған нарықтың көлеміне қарай іс-әрекет ету.
Сіздің мақсатты аудиторияңызды келесідей үш негізгі топқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |